• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:29:27
+35°

16 Наурыз, 2019 NEWS

"Бұрын қазақшасына күлуші едім, енді орысшасы одан озып тұрмағанын байқағандаймын"

Ел үшін күндіз күлмей, түнде кірпік ілмей қызмет еткен ондай ардақтылар ел қатарлы елу-алпыс мыңдық зейнетақыға телмірсе обал ғой.

Гүлжан Қарақұсованың басы тағы да дауға қалды. Естеріңізге сала кетсек Парламент жиынында Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова қарттарға арналған кооперативтер салуды ұсынған болатын. Айтуынша, ол қарттар үйі секілді болмайды. 

"Біз қарияларға арналған үйлер салуымыз керек, ертең қартайғанда өзіміз балаларға кедергі келтірмей сол жерге барып тұрамыз. Ол қазіргідей қарттар  үйі сияқты емес, өзіміздің жеке кооператив болады. Енді бірнеше жылдан кейін көресіздер, Татьяна Михайловна да (қаржы вице-министрі), Татьяна Ивановна да (Мәжіліс депутаты), мен де сол жерге барып тұрамыз», - деп мәлімдеген министрдің сөзіне күле қарағандар көп болды. Осыған байланысты Серік Әбікенұлы да Facebook парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Гулжан апам қызық-қызық ой айтады осы. Айтқанда да ойы дұрыс, ал сөзі бұрыс. Бірдеңе ойлап, бірдеңе айта салады. Бұрын қазақшасына күлуші едім, енді орысшасы одан озып тұрмағанын байқағандаймын. Қойшы, әйтеуір, апам қарттарға арналған кооператив ашуды ұсыныпты. Сөйтеді де: енді бірнеше жылда Татьяна Михайлқызы  (қаржы вице-министрі Савельева), Татьяна Иванқызы  (Мәжіліс депутаты Яковлева) үшеуміз сондай үйге барып тұрамыз, балаларға "мешайт" етпейміз, - дейді. Гулжан апам әлі жас, келер жылы небәры 70-ке толады. Үй салынып, кооператив ашылып болғанша тағы бір он жыл өтер, соған дейін арманы жүзеге асып, әр қария миллион теңге зейнетақы алатындай етсе жақсы еді. Өйткені, апам кооператив табалдырығынан аттаған кезде "Сенато-мәжіліс" металлургия комбинатында маңдайдан тері шүмектеп, танаудан буы бұрқырап жұмыс істеп жатқан азаматтардың біразы ілесе барары анық. Ел үшін күндіз күлмей, түнде кірпік ілмей қызмет еткен ондай ардақтылар ел қатарлы елу-алпыс мыңдық зейнетақыға телмірсе обал ғой. Ауыр жұмыс істеген адамның тәбеті жақсы болады, асқазандары тас қорытады, оларға елу мың ұсынсаң қазандағы көжеге ожау матырып әдеттенген адамға шәй қасық ұстатқандай боласың. Аштан өледі. Апам алыстан ойлайды, мұның да бір амалын табар..." - деп жазады Серік Әбікенұлы. 

Серік Әбікенұлының Facebook парақшасынан

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір