• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 05:23:42
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2015 Саясат

Бұл тағамдар еркектерді бос белбеу, қыздарды бедеу қылады...

Сонау 2 дүниежүзілік соғыс кезінде Америка армиясы улы қару даярлап, әскерлері сол уды әуеден қарша боратқанда неше миллиондаған отандасымыз ажал құшты. Қанша...

Сонау 2 дүниежүзілік соғыс кезінде Америка армиясы улы қару даярлап, әскерлері сол уды әуеден қарша боратқанда неше миллиондаған отандасымыз ажал құшты. Қанша мыңдағаны түрлі ауруларға шалдықты.  Адамзатқа апат әкелетін уды Американың әйгілі "Монсанто"(MONSANTO孟山都)серіктестігі әзірлеген. Енді сол монсантоның жансыздары ақырындап Қазақстанға да келе бастады. Монсанто десек көбіміз біле бермейміз. Қысқаша түсіндіре кетсек бұл серіктестік табиғи өнімдерді жасанды жолмен өндіріп, әлемге таратумен айналысады. Яғни, табиғи егістік алқаптардағы көкөніс пен жеміс-жидектерге арнайы дәрі егу арқылы олардың генін өзгертеді.  Сонда олардың көздегені не? Көкөністер мен жеміс-жидектердің ДНКсына улы дәрі егу арқылы алқаптардағы құрт-құмырысқаларды өлтіреді. Сонымен қатар, егіс алқаптарын жайлаған арамшөптерді қуратып, дәріленген егіннің бітік шығуына жағдай жасайды. Бұл мыңдаған гектар жерге астық егумен айналысатын шаруалар үшін аз шығын шығарып, мол пайда табудың таптырмас әдісі еді. Алайда жоғарыдағы дәріленген көкөністердің микро организмдерінде ДНКсына сәйкес келмейтін, өзгеше ВТ ақуызы пайда болған. Ғалымдар тексергендей әлгі дәріленген көкөністерді жеген жан-жануарлардың ас қорыту жүйелері бұзылып, ішек жолдарында жырық-тесіктер пайда бола бастаған. Ақыры әлгі жануарлар қырылып қалған.

18owgiltp8f7wjpg

Ең сорақысы ВТ белогі жан жануарлар секілді адамның да ас қорыту системасына жат. Уланған көкөністерді тұрақты тұтынатын адамның ас қорыту системаларында, асқазан, ішек жолдарында вирустар жиналып, ақыры ішек жолдарының тесілуіне әкеліп соғады. Мұның ақыры қатерлі ісік ауруларына дейін апарады. Біз күнделікті тұрмыста тұтынып жүрген тамаққа аса мән бермейміз. Егер асқазанымызда қыжыл немесе ауырсыну пайда болса, қарабайырлыққа салынып, тамақ жақпады дей саламыз. Ал ішкі ас қорыту функцияларымыз ақырыдап бүлініп жатады. Жоғарыдағы жырық-тесіктер арқылы вирус тікелей қан тамырларға жайылғанда мұның ақыры өлімге дейін әкеліп соғады.

monsanto-hero

Сонымен егіс алқаптарында арам шөп өлтіру үшін (удабрение) қолданылатын егілген дәрі адам денсаулығына айтарлықтай зиян тигізеді. Осындай көкөністерді ұзақ уақыт пайдаланудың ақыры Рак ауруына алып келеді. ВТ вирусы қосылған өнімді жиі тұтынудың соңы туылған шақалақтың кемтар болып туылуына, ал үшінші ұрпаққа келгенде мүлде бала болу қабілетінен айырылады. Қазақшалап айтқанда бедеулікке алып келеді. Бұл дегеніңіз онсызда саны аз қазақтың мүлдем ұрпақсызданып, ақыры жойылуға алып келеді деген сөз. Бұл ұлтты жоюға бағытталған бейресми биологиялық қару.

Монсантоның бұндай улы өнімдерді дайындауының басты мақсаты егістіктердегі арам шөптер мен құрт-құмырысқаладың көзін жою болса, саяси тұрғыдан мұның артында адамзатқа қауіп жатыр. Әлемдегі монсантоның мүддесіне қайшы елдерге аталмыш өнімдерді тасымалдау арқылы тұрғындарын ауруға шалдықтыру, халқының санын азайту, бедеулікке шалдықтыру.Бір қауіптісі дәріленген алқаптарға табиғи өнім ексең ол дереу қурай бастайды. Ал арнайы дәрілеуден кейін ғана гені өзгертілген улы өнім өсіп шығады. Олар гені өзгертілген астықты дүниежүзіне дәріптеу арқылы өз өнімдерін саудаға салып, қыруар пайдаға кенелуді көздеген.

Бір шетелдік нақылда: Кім мұнайды басқарса, ақша сонікі, кім әскерді басқарса, құқық сонікі, кім астықты басқарса, барлық адам сонікі - деген екен. Сол секілді монсантоның көздегені де барлық адамды өздеріне тәуелді ету.

Монсантоның жаман аты сонау соғыс кезінен бері елге жақсы тараған. Сондықтан олар өз өнімдерін қаржыландыратын, сатумен айналысатын нөкер серіктестері бар. Солардың бірі "Амуай" (Amway安利). Жаңбырдан соң қаптаған есекқұлақтай олар дүниежүзінің барлық базарлары мен сауда орындарын жаулап алған. Бірақ, олар ешқашан өздерін монсантомен байланысы барын айтпайды. Астықты өзіміз өндіреміз дейді. Бірақ Американың барлық астық алқаптарын тегіс жайпап алған монсанто оларға оңайлықпен жан бақтырсын ба? Олардың жедел дамып, алпауыттар қатарына қосылуының тағы бір себебі, монсанто тікелей қаржыландырып отырғандығында.

Монсантоның жансыздары Шыңжаң қазақтарының миын улап, өздеріне тәуелді етіп алғалы қашан. Ресей және Қытайдағы монсанто жансыздары бірлесіп, енді тыныш жатқан, табиғи өнімдерген аса бай Қазақстанға шабуылдай бастады. Ал бұл жайттардан мүлде хабарсыз көптеген қазақстандықтар олардың дәрісханаларында аз шығын шығарып, мол пайдаға кенелеміз дегенге мәз болып, милары уланып жатыр. Ал қалғандары Амуай секілді Америкалық ірі серіктестіктің өнімі заманауи, таза өнім деп алданып жүр.

Біз қазақ мұсылман, дініміз де, өзіміз де, жеген тамағымыз да таза халықпыз. Алла тағала барлық мақұлықты бізге қызмет етсін деп жаратқан. Төрт түлік малдың етімен, қымызымызды сапырып ішіп, Алладан нәсіп болған табиғи өнімдерді тұтынатынбыз.

Құдіретті Жаратушымыз әрбір мақұлықтың, әрбір тал ағаштың микро организмдерін асқан шеберлікпен, ДНКсын өте мұқият жаратқан. Ал адамдардың надандығы, дүниеге тойымсыздығының кесірінен пайда болған. ДНКсы өзгертілген, улы өнімдер тек жан-жануарлар мен құрт-құмырысқаларға ғана қауіпті емес, адам денсаулығына да айтарлықтай зиян келтіруде. Мысала, аталмыш өнімдерді әзірлеуші Американың өзінде тұрғындардың басым бөлігі семіздік, қатерлі ісік, несеп аурулары, қант диабеті мен асқазан, ішек ауруларына шалдыққан. Гені өзгеріске ұшыраған астық кірген  жылдың ішінде аталмыш көрсеткіштер үш  есеге ұлғайған. Мысалы, қатерлі ісік ауруынан көз жұмғандардың саны бүгінде  1 миллион 700 мыңнан асып жығылған. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің Қазақстанда да рактан көз жұмып жатқандар қаншама? Орташа өмір сүру ұзақтығы да бұрынғымен салыстырғанда едәуір төмендеген. Бұрын сексенге келген шалдарымыз аттың үстінен түспей, малын бағып, көкпарын шабатын.           Бүгінде алпысты алқымдаған қарияға қарасаң түрлі ауру, сырқаудан ауруханалардың алдын тоздырып жүр емес пе? Енді монсанта, Амуайларға қайта оралайық. Бүгінде олардың агенттері әлемнің түкпір-түкпірінде өз саясатын жүргізуде.

Менің дабыл қағуымның да басты себебі осы еді, мұсылман бауырлар. Алла тағаланың әр нәрсені өз өлшемімен жаратқанын ұмытпайық. Биологиялық өзгеріске ұшырап, құрамына у қосылған өнімдерден аулақ болыңыздар. Бұл айналып келгенде еркектерді бос белбеу, қыздарды бедеулікке ұшыратады.

Сымағұл Құсманбекұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір