• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:19:46
Алматы
+35°

16 Маусым, 2017 Әлеумет

Бұл суреттің құпиясын білген отбасы есеңгіреп қалған (ФОТО)

Кейбір діндер мен сенімдерде қайта тірілу, қайта өмірге келу концепциясы қалыптасқан. Басқаша айтқанда «реинкарнация». Бұл ұғым бойынша адамның...

Кейбір діндер мен сенімдерде қайта тірілу, қайта өмірге келу концепциясы қалыптасқан. Басқаша айтқанда «реинкарнация». Бұл ұғым бойынша адамның жаны тәні өлген соң тозаққа да, жұмаққа да бармайды. Тіпті бөлек. Басқа өмірге келеді.

Бірде патша болған адам қайта туылып қой бағушы болуы  мүмкін деген сынды пікірлер бар. Осылайша адам рухы өзіне тиесліні жүріп өтпейінше қайта тіріліп, қайта өмір сүре береді.

Осыған байланысты көпшілік адамдар реинкарнацияға сенеді. Алайда Джои Вервей есімді қызбен болған оқиға тіпті өзгеше.

3 жасында Джои  әке-шешесіне түрлі тылсым оқиғалар айтып беріп отырған. Кішкене қыз өзінің осыған дейінгі сүрген өмірлері жайында айтқанда оның әке-шешесі қатты таңқалып, тіпті шошып кеткен. Ересектер Джои бұл оқиғаларды қаншалықты детальді айтатынын тыңдап жаға ұстаған..

Ол 5 жасқа келгенде барлық журналистер мен басылымдар онымен сұхбат жүргізуге кезекте тұрған көрінеді.

Алғашқы адам болған кездегі естеліктерін айтып беру арқылы ол мамандарды Оңтүстік Африкадағы үңгірлерге дейін алып шыққан. Кейіннен адамдардың арғы аталары осы үңгірде өмір сүргендіктері дәлелденген.

Джои өзінің Мысырда қалай құл болғанын да еске алған. 18 ғасырда Африкада, Римде өмір сүрген кездерін де айтып берген.  Тіпті ол кейбір ескі суреттерде баяғыдағы өзін тауып алған.

Ең қызығы, бойжеткенге егде жастағы кісіні алып келгенде, біраз уақыттан кейінгі әңгімеден соң әлгі кісінің анасы туралы барлық мәліметтерді бойжеткеннің біліп отырғанына қатты таңқалған.

 

Шолушы: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір