• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:59:11
Алматы
+35°

Күні кеше ғана Астана қаласының әкімдігі көп балалы аналарға жиын өткізуден бас тартып, оларды жеке-жеке қабылдайтындарын мәлімдеген. Бірақ бұған келіспеген олар Астана концерт залына жиналып, қала әкімін ашық сұхбатқа шақырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Азаттықтың дерегін негізге алып. 

Алдымен халықты қабылдаудан бас тартқан әкімдік, 1 сағаттан аса уақыттан кейін жиналғандарды акт залға кіргізіп, тыныштық сақтауын сұрады. Астана қаласының әкім Бақыт Сұлтанов бұл жолы сахнаға өзі шығып, сөз сөйледі. 

«Сұрақтарыңызды қарау үшін арнайы ашық есік жарияладық. Бірақ былай шулап, жиналып, қатты айтқандарыңыз дұрыс емес. Сондықтан әр мәселе шешіліп, әр отбасының жағдайы қаралады. Уәде беріп отырмын. Тиісті бағдарламалар, шаралар барлық облыстарда әзірленіп жатыр. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес», - деді Сұлтанов. 

Алайда әкімнен нақты жауап ала алмаған көп балалы аналар "мәселеміз шешілмейінше кетпейміз" деп акт залдан шықпайтындарын мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған. 

Осы оқиғадан кейін жер-жерде көп балалы аналар бас көтеріп, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан баспана мен әлеуметтік жағдайларын көтеруді талап ете бастады. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір