• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:27:37
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Бүгін салтанатты жиында Бостандық ауданының тұрғындары бас қосты

Алматы әкімдігінің әр ауданы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мейрамын аудан көлемінде тойлауды бастап кетті

Алматы әкімдігінің әр ауданы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мейрамын аудан көлемінде тойлауды бастап кетті.

Осындай мерекелік шаралардың бірі кеше Медеу ауданында болса, салтанатты жиында бүгін Бостандық ауданының тұрғындары бас қосты.

Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлтық техникалық зерттеу университетінде өткен мерекелік кешке Бостандық ауданы әкімдігінің активі, аудан азаматтары бас қосты.

Жиын барысында әкім Алтай Рахымбетов ауданның дамуына үлес қосып келе жатқан белгілі тұлғаларды, құрметті азаматтарды мерекемен құттықтап, марапаттады.

«Екі күннен соң еліміз ең басты мерейлі мереке - Тәуелсіздік күнін тойлайды. Тәуелсіздік күні - ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен туған жерін жау қолынан алып қалған, сол үшін жанын пида еткен көптеген қазақ азаматтарының рухына тағзым ететін күн. Соның арқасында Алтай мен Атыраудың арасында Арқа мен Алатау арасында тәуелсіздік орнады. Рухы биік, жігері өр мемлекет қалыптасты. Тәуелсіздіктің ең алғашқы жылы лебі, бостандықтың қарлығашы ең алғаш Алматыдан ұшқаны ақиқат. Алматыда ең алғаш Қазақстанның тарихи шешімдері қабылданды. Жылдар өтсе де бұл тарихи оқиғаның маңызы бәр сәтке ортайған емес. Біз үшін бұл мәңгіліктің белгісі.

Қазақ елінің ұлттық құндылықтары да тарихпен тікелей байланысты. Біз оны бағалай білуіміз керек. Дәл осы туралы Елбасы өзінің «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында айтады. Елбасының сындарлы саясатының арқасында бүгінде еліміз танымал мемлекетке айналды», - деді Алтай Рахымбетов.

Аудан әкімі құрметті азаматтар мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұлғаларды, түрлі сала мамандарын марапаттады.

Салтанатты жиналыс эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір