• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:10:50
Алматы
+35°

02 Шілде, 2018 Әдебиет

Бүгін Мұхтар Шахановқа алғыс айтатын күн

Өз өлеңін тік тұрып, тамағын жыртып, идеясын бар дүние-болмысымен жеткізетін Шаханов тірі тұрғанда несіне қынжыламыз?!

Күнтізбеге қарап не көрдіңіз? «Екі» деген санды» деп жауап қатып, қызық сұрақ қойғаныма налитын шығарсыз. Налымаңыз, дәл бүгін жігеріңізді құм қылмауға уәде беріңізші. Өйткені шілденің екісі қазақтың рухшыл, жігерлі ақыны, су жаңа Түркістан облысының тумасы Мұхтар Шахановтың туған күні. Өз өлеңін тік тұрып, тамағын жыртып, идеясын бар дүние-болмысымен жеткізетін Шаханов тірі тұрғанда несіне қынжыламыз?! Шахановша айтсақ, тұрмыстың тапшылығын көп көрсек те, жұртқа еткен жақсылығымыз қайтпай, сенгеніміз сатып, бақытсыз болып қалсақ та өмір сүру керек. Себебі мынау ғаламда өз сорыңды өзің жеңбесең, арман жеткізбейді екен. Демек өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес. Мұны да айтқан өткір ойлы Шаханов. Ендеше адуынды жырларымен бойға қуат, жанға рух сыйлаған ақынды дүние есігін ашқан күнімен құттықтай отырып поэзияға бомба өлеңдерімен сілкініс сыйлағаны үшін барша Қазақ елі атынан алғыс айтамыз. Шахановтың жырларын жатқа айтып жүрген балалар мәңгүртизмнен ада, малдық санадан еркін, қайсар дауысты қазақтың азаматы болып өсіп шығатынына кәміл сенеміз.

Байқаймысың

Байқаймысың,
Байқаймысың
Мына ғажап тамашаны:
Бір адамға байланысты бір адамның болашағы.
Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі,
Қозы Көрпеш аман тұрса, Баян сұлу өлер ме еді?
Исатайды жеңбесе жау, Махамбетті жеңер ме еді,
Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?
Қайран ақын — сұңқар қиял, наркескен ол,батыл арман,
Исатайдан айрылғанда жер бауырлап жатып алған
Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның,
Досы барда алшысынан тұрушы еді асығы оның.
О, сұмдық - ай,
Жаулық сезім парасатты паналапты,
Исатайдың өлімімен Махамбетті жаралапты...
Қадірлім - ау,
Көз жіберші асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Кейде мені мұқатпақ боп жаулар сені жамандайды,
Ал егер сен жамандалсаң бұл, әрине, маған қайғы.
Басымызға шиыр - шиыр күн туғанда құс таналы,
Кейде мені жеңу үшін жаулар саған күш салады.
Тайғақ өмір жолдарында сүрінгенде тірек алар,
Сүйенішім сен екенін айтпастан - ақ біледі олар.
Әлемнің бар ажарынан бізге достық сымбаттылау
Мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол,
Қымбаттым - ау.

Жазира Байдалы

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір