• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:25:59
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2018 NEWS

Бүгін мәжілісте «жолаушы мен жүргізуші» мәселесі қаралды

Қазіргі таңда халық діттеген жеріне жету үшін қоғамдық көлікті жиі пайдаланатыны өтірік емес. Алайда жолаушы мен жүргізушілердің жағдайы қаншалықты жасалған?

Қазіргі таңда халық діттеген жеріне жету үшін қоғамдық көлікті жиі пайдаланатыны өтірік емес. Алайда жолаушы мен жүргізушілердің жағдайы қаншалықты жасалған? Билік нендей мәселелерге көңіл бөліп жатыр? Осыған жауап іздеп көрейік.

Әрине қоғам бар жерде көлік мәселесі бірден түп-тамырымен жойылмайтыны белгілі. Бірақ ешқандай жағдай жасалмай жатыр деуге де болмас. Оған бүгінгі мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасының таныстырылымы өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аталмыш таныстырылымға мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің басшысы Нұртай Сабильянов төрағалық етсе, ұсынылған өзгерістерді Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабав таныстырды.

Бұл заң жобасы жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуды сонымен қатар темір жол және автомобиь көлігін пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті күшейтуді мақсат етіп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі республикалық деңгейде экспорт-импорт тауарларын қатаң бақылауға алу және көлік саласындағы кейбір кемшіліктер мен олқылықтардың орнын толтыруды, оның ішінде көліктерді орынды-орынсыз жаппай тоқтату тәжірибесінен бас тарту көзделген.

Бірақ бұл мүлдем тексеріс жұмыстары жүргізілмейді деген сөз емес. Арнайы тексеріс жүргізу үшін нақты негіздеме тізімі енгізіледі. Ал тармақтарда арнайы арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарында тіркелген заң бұзушылықтар, шетел көлік құралдарының жүріп өтуі, ААӨҚ арқылы дұрыс жүріп өтпеу, көлік құралының уәкілетті органда тіркелмеуі, мемлекеттік органдармен бірегей шаралар өткізу сияқтыт мәселелері қамтылған.

Бұл тәртіпті енгізу арқылы біз не ұтамыз?

Біріншіден, 100 мың ауыр жүк көліктерін тоқтатуды қысқартуға, көліктің жүру жылдамдығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайта алады.

Екіншіден, Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары жүйесінен алынған мәліметтер тасымалдаушыда рұқсаттама құжаттарының, техникалық байқаудан өткен-өтпегенін білуге және төленбеген айыппұлдарды анықтай алады.

Үшіншіден, Жолаушылар тасымалы саласын жақсартып, дамытып, жолаушылар тасымалының сапасын арттыра аламыз.

Қандай өзгеріс енгізілмек?

Заң жобасы 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.

Автокөлік туралы заңның нормалары тұрақты халықаралық рейстерді жасаған кезде  жолаушыларды Қазақстан территориясы бойынша елдімекендерде тасымалдауға тыйым салады. Қазақстандық тасымалдаушыларға шекаралас облыстың елді-мекендері арасында тасымал жасау ұсынылды. Бұл өзгерістер 300 елді-мекеннің жолаушыларын тұрақты түрде тасымалдауға мүмкіндік береді. Қазір көптеген салалар интернеттің көмегімен жұмысын жеңілдетіп жатқаны белгілі. Интернет арқылы қызмет көрсету қарапайым халықтың уақыт үнемдеуіне көмегін тигізіп жатыр. Осыған орай жаңа технологияны жолаушылар тасымалы саласында да қолданысқа енгізіп, сапасын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Осыған орай көлікті жалдау шарты құрылып, «Яндекс.Такси», Uber, InDriver сияқты сервистер арқылы жолаушыларды тасымалдау енді таксимен тасымалдауға жататын болады.

Тек қана автокөлік саласы ғана емес теміржол және су көлігі саласында арнайы комиссия құрылып, тергеу бойынша өкілдің міндеттерін реттеу ұсынылды. Сонымен бірге автокөліктерді пайдалану қауіпсіздігін нығайту үшін Жол қозғалысы заңында  «Міндетті техникалық байқау біргей ақпарат жүйесінің операторы» ұғымын белгілеп, оның міндеттерін бекітіп, реттеу жөніндегі мәселе де қарастырылды. Көлік саласына арналған техникалық байқаудан кейінгі диагностикалық карталарды беру мүмкіндігін жою үшін ақпараттық іс-қимыл жасайтын арнайы бағдарламаларға қойылатын талаптарды бекітуді енгізу ұсынылды.

Ал халықаралық теңіз ұйымы аудитінің ескертпелерін жою аясында бірқатар халықаралық конвенциялар талаптарын имплементациялау нормаларын қарастыру көзделіп отыр. Кемелер тексерісін оптимизациялау мақсатында міндетті байқауды алты айда бір рет өткізу жоспарланып отыр.

Автор: Хадиша Ханқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір