• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:02:40
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018 NEWS

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 9 тамызда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстікте кей жерлерде - дауыл, түнде және таңертең солтүстігінде және орталығында тұман түседі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің дерегін негізге алып. 

Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды және Солтүстік  Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.  

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.  

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының  кей жерлерінде аптап ыстық болады.    Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір