• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:58:50
Алматы
+35°

24 Қазан, 2018 Саясат

Бүгін Біріккен Ұлттар ұйымының құрылған күні

Әлемдегі барлық елдер тең дәрежеде бірігіп, жұмыс істеуге шақырған БҰҰ-да бүгінгі таңда 193 мемлекет мүше екен.

Екінші дүниежүзілік соғыс бітер кезде антигитлерлік коалиция тарапынан бастама көтеріліп, 1945 жылы 26 маусымда бұл ұйымның жарғысы қабылданса, 24 қазанда күшіне енген болатын. Әлемдегі барлық елдер тең дәрежеде бірігіп, жұмыс істеуге шақырған БҰҰ-да бүгінгі таңда 193 мемлекет мүше.

Өкінішке қарай, айналдырған 5-6 мемлекет осы ұйымды ашса алақанында, жұмса жұдырықтарында ұстап, тек қана өз мүдделеріне пайдаланып отыр. Қалған елдердің үні аса шыға қоймайды. Муамар Каддафи кезінде "БҰҰ Жарғысы неге сақталмайды?" деп өз сынын айтып еді. Оның жағдайы не болғаны түсінікті.

Аты бар да, заты жоқ халықаралық ұйым сол кезде соғыстан титықтаған әлем халықтарына "бұдан былай соғыс пен қақтығыстар болмайды" деп сендірген еді. Бәрімізге мәлім, одан кейін Корей түбегінде. Виетнамда, Ауғанстанда және де басқа да көптеген елдерде қатты қантөгістер болған соғыстар өтті. Адамзат әлі күнге дейін осы қырғи-қабақ соғыс жағдайында өмір сүріп келе жатыр және алпауыт елдердің алдында БҰҰ  дәрменсіздігін көрсетуде.

Серікқазы Көкенай

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір