• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:18:39
Алматы
+35°

27 Ақпан, 2018 NEWS

Брюссельде ЕО-Қазақстан Ынтымақтастық кеңесі өтті

Ынтымақтастық кеңесі ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің табысты жүзеге асырылуын құптады

Ынтымақтастық кеңесі ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің табысты жүзеге асырылуын құптады. Ол сауда және кедендік реттеу, қоршаған орта және климаттың өзгеруі, энергетика және жасыл экономика, сондай-ақ заң үстемдігі мен әділсот төрелігі сияқты салаларды қамтиды. Ынтымақтастық кеңесі ЕО мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға, атап айтқанда, аймақтық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етуге мүдделі екендігін растады.

Ынтымақтастық кеңесі сондай-ақ саяси, әділсот және экономикалық реформалар мен сауда-экономикалық қатынастар сияқты екі тарап үшін маңызды тақырыптарды талқылады. Кездесуде тиімді басқару, адам құқықтарын қорғау және азаматтық қоғаммен ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, терроризмге қарсы күрес үшін қажетті қауіпсіздік шаралары адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу тиістігі атап өтілді.

Ынтымақтастық кеңесі Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың ағымдағы оң жетікстіктерін құптады. ЕО Орталық Азия үшін жаңа Стратегиясын 2019 жылы қабылдайтынын жариялап, аталған стратегия аймақтағы өзгеріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескеретінін мәлімдеді. Сонымен қатар шекараны басқару, терроризмге және есірткі айналымына қарсы күрес секілді мәселелерді қамтитын Ауғанстанға қатысты аймақтық қауіпсіздік ахуалы да талқыланды. 

Кездесу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен өтті. ЕО тарапын қазір ЕО Кеңесіңде төрағалық етуші Болгарияның сот реформасы бойынша Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Екатерина Захарьева  басқарды.

Ынтымақтастық кеңесі аясында Еуропалық Одақтың Жоғарғы Өкілі Федерика Могерини Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ЕО-ның Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясының келешегіндегі екіжақты және аймақтық даму мәселелерін талқылады. 

Айта кетсек, Астанада, ЕО пен Қазақстан Республикасының арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісіміне (КӘЫК) 2015 жылдың 21 желтоқсанында қол қойылды.  КӘЫК-нің негізгі бөлімдері 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша күшіне ене бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары,   мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 1991-2014 жж. аралығында ЕО Қазақстанда жалпы сомасы 180 млн құрайтын 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырды. Бұл жобалар ҚР Үкіметінің әр түрлі министрліктері,ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеңес және техникалық көмекке бағытталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір