• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:19:28
Алматы
+35°

04 Қазан, 2017 Оқиғалар

Бразилияда банк тонауға $1,3 млн. жұмсаған қарақшылар қолға түсті

Бразиялияда бұған дейін де дәл осындай оқиға тіркелген

Бразилияда банкті тонамақ болған 16 адам ұсталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі news.liga.net мәліметіне сүйеніп.

Сан-Паулу полицейлері ел тарихындағы ең ірі ұрлық операциясының алдын алды. Қаскүнемдер «Банко до Бразил» қаржы ұйымының қоймасына апаратын 600 метрлік жерасты жол қазған. Күдіктілер шамамен 318 миллион долларға жуық ақшаны жымқырмақ болыпты. Олар жерасты жолын шамамен 1,3 миллион долларға салған.

«Егерде қаскөйлердің жоспары іске асқанда бұл ең ірі тонау фактісі болатын еді», – дейді құқық қорғаушылар. Бразиялияда бұған дейін де дәл осындай оқиға тіркелген. Ол кезде ұрылар жерасты жолдың көмегімен 52 миллион долларды қалталарына басқан.

Айта кетсек, қарақшылар 4 қазан банкті тонамақ болған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір