• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:53:32
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2018 NEWS

БҚО-дағы полицейдің өз бастығын не үшін өлтіргені белгілі болды

Кеше БҚО-да полиция қызметкері взвод командирін атып өлтірді.

Кеше Орал қаласынан 125 шақырым қашықтықта орналасқан Чапаев ауылында полиция қызметкері взвод командирін атып өлтірді. Оқиға АІІБ-нің ауласында болған. Қаза тапқан командир 29, күдікті 24 жаста. Командир дәрігерлер келгенше тілге келмей көз жұмды.  Осыған қатысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі ІІМ өкіліне хабарласты. 

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальон командирінің қазасы бойынша қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаменті және Әкімшілік полиция комитеті қызметкерлерінен құралған.
Қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойнына алды. Алдын ала жинақталған мәліметтерге қарағанда, қылмыс жеке келіспеушіліктер салдарынан орын алған. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің бақылауында.", - деп пікір білдірді Алмас Сәдубаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір