БҚО-дағы полицей бастығын не үшін өлтіргенін айтып берді

БҚО-дағы полицей бастығын не үшін өлтіргенін айтып берді
ⒸВладТайм

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында бастығын атып өлтірген полицейдің ақыл-есі дұрыс екені анықталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. Мамандардың пікірінше, ол кісі өлтірген кезде физиологиялық аффект жағдайында болған. Бұл туралы арнайы күзет басқармасының қызметкері 24 жастағы Серік Ғариф туралы сот-психиатриялық сараптама қорытындысында жазылған.

Серік Ғариф биыл 6 қыркүйекте табельдік тапаншадан 34 жастағы басшысы Рүстем Рақышевқа Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі алдында оқ атты. Кісі өлтірген соң бірден полицияға берілген.

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, Серік Ғарифтің дені сау, ақыл-есі дұрыс. Бірақ күдіктіні тексеріп шыққан мамандардың айтуынша, ол ұзақ уақыт қысым көру салдарынан туындаған физиологиялық аффект жағдайында қылмыс жасаған.

Серік Ғариф қылмысы туралы өзі толығымен айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, Рүстем Рақышевпен жұмыс істеген алғашқы күннен бастап, екеуі бір-бірін жақтырмаған.

«Маған үнемі тиісіп жүретін. Қайта-қайта ескерту жасап, басқалардың көзінше төмендететін. Ешқашан дұрыстап амандаспай, үнемі тіл тигізіп жүрді. Осының бәрі біртіндеп жинала берді. Сол күні тағы да менің намысыма тиді. Содан соң менімен басқа қызметкерлерге қару алып, жұмысқа кірісуге бұйырды. Қару бөлмесінен тапаншаны алып, шыға бергенде, даладан Рүстем Рақышевты көрдім. Әдеттегідей аю сияқты қорбаңдап келе жатыр екен. Оны жек көретінмін. Жүріс-тұрысы жыныма тиетін. Артында келе жатып, тапаншамды шығардым да, аяғының астына оқ аттым. Содан соң, не көрінгенін білмеймін, қалай болса, солай оқ жаудыра бердім. Ол сұлап түскен кезде ғана тоқтадым», – деп Серік Ғариф сараптама кезінде жауап берген.

«Кері бұрылып, кезекшінің үстеліне келдім де, тапаншаны қойып: «Болдым» дедім. Басқа АІІБ қызметкерлері жүгіріп келіп, қолымды бұрады. Оқсауыттағы қалған оқ-дәріні тартып алыңдар дедім», – деп жалғастырды экс-полицей.

Серік Ғарифтің ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүргенін оның ағасы Сақауов та айтты. Күдікті 2015 жылы күзет қызметіне жұмысқа орналасқалы бері Чапаев ауылындағы сол ағасының үйінде тұрған. Сақауовтың айтуынша, Серік Ғарифтің мінезі тұйық, жұмысы туралы тіс жармаған.

2017 жылы бір күні ағасы бауырының жұмыстан ұнжырғасы түсіп келгенін байқап қалған. Түскі ас кезінде неге көңіл-күйі болмай жүргенін сұраған. Серік Ғариф кенет жылап жіберіп, қатты шаршағанын, бұдан былай мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынын айтқан. Ағасы не болғанын сұрай бастағанда Серік Ғариф үстелден тұрып, үйден шығып кетіп қалған. Содан кейін оның үйіне екі күннен кейін келген және ешқашан жұмысында не болып жатқанын айтпаған.

Ұлының мінезі тұйық екенін күдіктінің әкесі Серік Ғариф растады.

«Онда не болғанын, қандай себеппен өлтіргенін білмеймін. Ұлыммен кездесуге бірнеше рет бардым. Ол жанжалдың себебін айтпады. Анасымен жүздесуден бас тартып, мұнда келмеуін сұрады. Адвокат жалдауға тыйым салды, оған әлі күнге дейін тегін, мемлекеттік адвокат қызмет көрсетуде», – дейді Нұрлан Ғариф.

Рүстем Рақышевтың ата-анасы да жанжалдың себебін білмейді. Марқұмның әкесі Жасқайрат Рақышев сот- психиатриялық сараптаманың қорытындысымен келіспейді.

«Серік Ғариф ұлымды қасақана өлтірді, ешқандай аффект болған жоқ. Серік түсініктемесінде пышақ алып жүргенін айтты. Яғни ол бұл қылмысқа дайындалған», – дейді ол.

Рүстем Рақышевтың туыстары күдіктіні қайта сараптамадан өткізуді талап етуде. Құжатта тергеуші көптеген  процессуальдық құқық бұзушылық жіберген, ал бұл құжатты заңсыз деп тануға негіз бола алатын көрінеді.

Қазіргі таңда бұл істі тергеу жалғасып жатыр.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Астанадағы мектепке «бомба» қойылды
    14/11 19:36 0 371
    2
    Шетелде шәкірттеріне сексуалдық зәбір көрсеткен педагог Астанадағы элиталы мектепте сабақ берген
    14/11 15:55 0 431
    3
    Ақтөбе облысының мұғалімдері: «Айлықты қашан аламыз?»
    14/11 15:26 0 257
    «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруды қолға алды
    14/11 15:22 0 1278
    "Ақ жол" партиясы: Мемлекеттік қызметкерде екі азаматтықтың болуы – су ішкен құдығына түкіруі
    14/11 15:04 0 852

    Таныстырылғандар

    Жүрсін Ерман «Көкжайлау» жобасына қарсылық білдірушілерді батыл сынады
    Жүрсін Ерман «Көкжайлау» жобасына қарсылық білдірушілерді батыл сынады
    Жүрсін Ерман «Көкжайлау» жобасына қарсылық білдірушілерді батыл сынады
    «Көкжайлау» жобасына қарсы жандар жеңіл жол ізеп, өздерін жарнамалап, арзан ұпай жинауда
    05/11/2018 18:33 1 3190
    Қазақ радиолары жаңа дикторларды іздейді
    Қазақ радиолары жаңа дикторларды іздейді
    Қазақ радиолары жаңа дикторларды іздейді
    Қатысушылар 20 қарашаға дейін kazdictor@gmail.com электронды поштасына жеке төлқұжатының суретін жіберуі міндетті!
    06/11/2018 10:48 0 1224
    Қазақстан тұрғындары 1,5 млн теңгеге жоқ тауарды сатып алған
    Қазақстан тұрғындары 1,5 млн теңгеге жоқ тауарды сатып алған
    Қазақстан тұрғындары 1,5 млн теңгеге жоқ тауарды сатып алған
    Жәбірленушілер алаяқтың шотына 100 мыңнан 300 мыңға дейін ірі сомада ақшалай қаражаттарын аударған.
    06/11/2018 15:49 2 1532
    Елбасы Эстония Республикасының премьер-министрімен кездесті
    Елбасы Эстония Республикасының премьер-министрімен кездесті
    Елбасы Эстония Республикасының премьер-министрімен кездесті
    Эстония Республикасының Премьер-Министрі қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
    06/11/2018 18:52 0 1028
    "Әлиханнан" жеріген Олег, қазаққа ақыл айтатындай сен кім едің?
    "Әлиханнан" жеріген Олег, қазаққа ақыл айтатындай сен кім едің?
    "Әлиханнан" жеріген Олег, қазаққа ақыл айтатындай сен кім едің?
    Әлихан атты Алаш көсемінің есімі бұйырған Сермұхамедовтың өзін Олег деуінде де бір гәп бар-ау.
    07/11/2018 13:30 0 7615
    «I'm a Singer Kazakhstan» жобасының қазылары жеңімпазға автокөлік сыйлайды
    «I'm a Singer Kazakhstan» жобасының қазылары жеңімпазға автокөлік сыйлайды
    «I'm a Singer Kazakhstan» жобасының қазылары жеңімпазға автокөлік сыйлайды
    «I'm a Singer Kazakhstan» таланттар шоуындағы талас-тартыс күн өткен сайын қыза түсуде
    08/11/2018 15:13 0 1167
    Дәурен Абаев "Көкжайлауда" экологиялық мәселелер ескерілетініне сендірді
    Дәурен Абаев "Көкжайлауда" экологиялық мәселелер ескерілетініне сендірді
    Дәурен Абаев "Көкжайлауда" экологиялық мәселелер ескерілетініне сендірді
    "Трассаның жоспардағы ұзындығы қысқарды, ғимараттардың аумағы шамамен 10 есе кішірейді. Осының бәрі экологияға әсерді азайтады», - деп түйіндеді министр.
    09/11/2018 11:29 0 773
    Kaspi Bank туралы ақпарат таратқан адам ұсталды
    Kaspi Bank туралы ақпарат таратқан адам ұсталды
    Kaspi Bank туралы ақпарат таратқан адам ұсталды
    Kaspi Bank туралы хабарлама таратқан адамның есімі аталмай отыр.
    10/11/2018 10:41 0 2251
    Тасмағамбетовтың тағы бір әні хит болды (видео)
    Тасмағамбетовтың тағы бір әні хит болды (видео)
    Тасмағамбетовтың тағы бір әні хит болды (видео)
    Иманғали Тасмағамбетовтың ән айтып тұрған сәті видеоға түсіп қалған.
    10/11/2018 20:01 3 44418
    Астанада қар күреуге 37 млн доллар бөлінді
    Астанада қар күреуге 37 млн доллар бөлінді
    Астанада қар күреуге 37 млн доллар бөлінді
    Астана билігі қала көшелерін қардан тазартуға 13 миллиард 921 миллион 301 мың теңге бөлді, бұл 37 миллион 123 мың долларға тең
    11/11/2018 10:38 0 819
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртауда "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды
    11/11/2018 13:15 0 662
    190 фильм сынға түскен халықаралық байқауда "Айка" бас жүлдені алды
    190 фильм сынға түскен халықаралық байқауда "Айка" бас жүлдені алды
    190 фильм сынға түскен халықаралық байқауда "Айка" бас жүлдені алды
    Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанған еді.
    12/11/2018 10:40 0 1972
    Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
    Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
    Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
    Бүгін Алматыда саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің Кеңсайдағы зират басына гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
    12/11/2018 14:19 0 7545
    Алматы ертең Дінмұхамед Қонаевтың қарындасымен қоштасады
    Алматы ертең Дінмұхамед Қонаевтың қарындасымен қоштасады
    Алматы ертең Дінмұхамед Қонаевтың қарындасымен қоштасады
    Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы Мақаш Әбішев мәлімдеген.
    13/11/2018 16:01 0 2707
    Астанадағы мектепке «бомба» қойылды
    Астанадағы мектепке «бомба» қойылды
    Астанадағы мектепке «бомба» қойылды
    Елордалық мектепте жалған жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы хабарламадан кейін 1800-ден астам адам эвакуацияланды
    14/11/2018 19:36 0 371