• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:53:48
Алматы
+35°

16 Шілде, 2018 Аймақтар

БҚО-да тарихи орындарға QR-код тақтайша орнатыла бастады

Батыс Қазақстан облысы бойынша киелі орындарға қойылған алғашқы QR-код

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданындағы «Құныскерей үңгірі» аталып кеткен тарихи орынға алғашқы QR-код тақтайша орнатылды.

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен қойылған QR-код тақтайша мол мүмкіндік бермек. Яғни бұл жерге келген кез келген адам смартфонмен арнайы енгізілген суретті сканерлеу арқылы Құныскерей үңгірі туралы толықтай ақпаратты ала алады. Айта кетерлігі, бұл Батыс Қазақстан облысы бойынша киелі орындарға қойылған алғашқы QR-код. Аудан жастарының айтуынша осындай тақтайшаны аудан аумағындағы басқа да киелі орындарға орнату жоспарлануда. Құныскерей үңгірі – Егіндікөл ауылынан 4-5 шақырым жерде орналасқан. Өз кезеңінде бұл үңгір билік тарапынан қуғынға  ұшыраған Құныскерей батырға пана болған деседі. Жергілікті тұрғындар бұл айтулы тұлғаның ғажайып оқиғасын естерінде сақтап, осы жерді Батыс Қазақстан облысының киелі жерлеріне  жатқызады. Аталмыш тақтайшаның орнатылуына байланысты «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты шара да оздырған болатын.  Жиын барысында «Ауылым – алтын бесігім» атты көрме ұйымдастырылып, Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылының тарихы, киелі жерлері мен мектебі туралы үш тілде баяндалды. Көрмедегі «Ауылымыздың мақтаныштары» бөлімінде  өлкеден шыққан талантты тұлғалар мен жауынгерлердің өмір жолы туралы айтылды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының «Құныскерей тұлғасы» атты сахналық қойылымы көрермен назарына ұсынылды.  Шағын ауылдың бай тарихынан сыр шерткен шарада ауыл ақсақалы Ертай Сердалин сөз алып ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Рухани жаңғыру адамның туған жерінің тарихынан басталатынын айтқан ол, жастардың бойына патриоттық сезімді ұялатуда осындай шараның маңызды екенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір