• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:13:07
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 Аймақтар

БҚО-да қауырт желі іске қосылды

Екі жақтың да талабын даудамайсыз-ақ шешуге қол жеткізу медиаторлардың басты мақсаттарының бірі де бірегейі десе болады.

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бітімгершілік рәсімдерін және медиация институтын одан әрі дамыту мақсатында цифрлық технологияны қолданып,  ұялы телефон (8 705 872 7152) және WhatsApp (8 705 872 7152), Facebook әлеуметтік парақшасында (медиация СМЭС ЭКО) қауырт желіні  іске қосты.

Осы қауырт желіге тұрғындар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау, оны орындау тәртібі мен жағымды жағы және салдары туралы жедел ақпарат және сұрақтарға нақты жауап ала алады.

«Медиация туралы» заң күшіне енгелі осы заң туралы сот саласы қызметкерлері, адвокаттар мен қарапайым халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, сондай ақ, аса ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты істерге медиация тәртібін қолдануға болады. Медиацияның мақсаты тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету, яғни қарапайым тілмен айтқанда, тараптарды бітімгерлікке шақыру болып табылады. Медиация барысында тараптар өздерінің қалауы бойынша талап мөлшерін ұлғайтуға немесе кемітуге, тіпті даудан бас тартуға құқылы. Екі жақтың да талабын даудамайсыз-ақ шешуге қол жеткізу медиаторлардың басты мақсаттарының бірі де бірегейі десе болады. Жеке азаматтар мен жалпы қоғам үшін маңызы жоғары бұл істі жүргізу барысында медиаторлар тараптардан, мемлекеттік органдардан және өзге де лауазымды, жеке тұлғалардан тәуелсіз болады. 

Расында, қазақ халқына өзіне тән бітімгерлігі, мәміле жасау үлгісі- әлем жүйесінде қазылық жасаудың ең озық өнегесі саналады. Ендігі күні жер дауы мен жесір дауы, құн өндіру секілді бітіспестің бітімін кесіп айтатын, толғақты дүниені тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып тарқататын бабамыздың билік жасау өнері, дау шешудің озық жүйесі медиацияның, қоғамға келтірер тиімділігі мол болмақ.  

Жергілікті тұрғындар тарапнан қандай да бір сұрақтар болса 8 705 872 7152 ұялы телефон нөміріне телефон соғуларына немесе  «WhatsApp» қосымшасына және «Медиация СМЭС ЭКО» Facebook парақшасына жазуларына болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір