• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:50:17
Алматы
+35°

22 Қазан, 2018 Аймақтар

БҚО-да өткен жиында өңірдегі инвестиция мәселесі талқыланып, 4 жоба ұсынылды

Республикалық деңгейде инвестициялардың басым бөлігі Атырау (35,8%), Астана (9,2%), Алматы (6,5%) сияқты өңірлерге тиесілі. Инвестициялардың

Бірнеше инвесторлар еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан, экономикалық даму жағынан алда тұрған қалаға қызығушылық танытуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Елбасы өз жолдауында, инвестиция тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау керектігін тілге тиек еткен болатын. Себебі өзге елдердің табысты нәтижеге жетіп, алға шығуының негізгі инвестициямен байланысты. Ал біздің елдің табысты басымдықтарының бірі де бірегейі агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту. Біз солай ғана табысты нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі 127 млрд. теңгені құрады. Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, инвестицияның басым көпшілігі немесе 69,9 пайызы өнеркәсіпке бағытталып отыр. Сондай-ақ 10,7 пайызы - жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 5,6 пайызы - көлік және қоймалауға, 3,9 пайызы - білім беруге, 2,4 пайызы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке жұмсалды. Инвестицияның қомақты көлемі  Бөрлі (49,1 млрд.теңге), Зеленов (32,6 млрд. теңге) аудандарына және Орал қаласына (28,9 млрд. теңге) тиесілі.

Айта кететін бір жайт бар. Соңғы 3 жылда, яғни 2015-2018 жылдар аралығында БҚО-да негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 47 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш 1 трлн 163 млрд теңгені құрайды. Ал индустриядағы инвестиция көлеміне келер болсақ ол 10 пайызға артып, 911 млрд теңгені құрады.

Аталмыш жұмыстардың аясында Орал қаласында Өңірлік Кеңестің жиыны өтті. Бұл жиынның негізгі мақсаты Батыс Қазақстан облысына тартылатын инвестицияны ұлғайту болып табылады. Жиында 32 млрд теңгеден астам жобалар қарастырылып, талдау жасалды.

Өңірлік кеңестің жиынында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев те төбе көрсетті. Ол өз сөзінде БҚО-ның шетелдік инвестцияларды тартуда деңгейі мен беделі, әлеует-қарқыны жоғары екенін атап өтті. Сонымен бірге ол БҚО-ның стратегиялық мақсаттарна, географиялық тұрғысынан қарағанда ыңғайлылығына әрі қолайлығына байланысты, сонымен бірге табиғи қорлардың мол болуы да ерекше назарға ілігуіне себеп болатынын айтты.

БҚО

- Ұсынылған жобалар біздің облысымыз үшін маңызды. Президенттің агроөнеркәсіптік кешенді, еліміздің туристік кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жерді, инвестициялық субсидияларды, кедендік баждарды, салық міндеттемелерін қамтамасыз ету тұрғысында инвесторларға көпжақты қолдау көрсетеміз. Инвесторлар жерге және мүлікке салынатын салықтан босату үшін он жылдық кезеңнің артықшылықтарымен қамтамасыз етіледі және 20% инвестициялық  депозиттері қайтарылады. Кәсіпкерлер үшін бұл мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау. Жалпы алғанда, ШОБ- тің дамуы, аймаққа инвестиция тарту мәселесі басымдықтардың бірі болып табылады, - деді  Көлгінов.

Жиында айтылған барлық жобаларды «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының төрағасы, Қазақстанның Премьер-министрі басқаратын директорлар кеңесі тарапынан қолдау алды.

Қандай жобалар ұсынылды?

Өңірлік кеңестің жиыны барысында ауыл шаруашылық саласына қатысты 4 жоба, ұсынылған. Олардың қатарындағы 3 жоба өңірдегі мал шаруашылығына қатысты болатын. Ал қалған біреуі жылыжай кешенінің жобасы болап табылады.

БҚО

«Central Feedlot» компаниясы Зеленов ауданындағы Янайкино ауылындағы бордақылау кешені үшін 5 мың га жем-шөп базасын құруды жоспарлап отыр. Өндіріс көлемін жоба аясында 1 жыл ішінде 4 мың бастан 10 мың мал басына дейін көбейту жоспарланып отыр.

«WorldGreenCompany» ЖШС жылыжай кешенін салу жобасын ұсынды. Голландиялық компанияның инвестиция көлемі 13 млрд.тг құрайды. Жоба көлемі – 4,400 т қияр және 3,450 т қызанақты құрайды. Жылыжай кешенінің негізгі жеткізуші компаниясы – ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласының жетекші голландиялық компания болып табылады.

Аймақтағы туристік кластерді дамытудағы екі инвестициялық жоба ұсынылды. Бұл Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 108 нөмірге арналған 4 жұлдызды «Holiday Inn» қонақ үй кешенінің құрылысы, жоба құны 3,6 млрд. теңгеден астам құрайды, оның 85%-ы «ПСП «Серік» ЖШС компаниясы есебінен салынатын болады.

Сонымен бірге Орал қаласында мәдениет және демалыс саябағын жаңғыртуға 570 млн теғге қажет. Тағы бір айта кетерлігі көрнекілік мақсатында саябақта биіктігі 45 метр болатын көру дөңгелегі салынатын болады.

Тағы бір айта кетерлігі кездесу кезінде отандық және шетелдік инвесторларға арналған өңірлік инвестициялық порталы іске қосылды. Бұл порталды іске қосудағы негізгі мақсат инвестицияларды тарту арқылы облыстың әлеуетін ашып, көркейіп, гүлденуіне үлес қосу.

Айта кетсек, 2018 жылы тікелей капиталға салынған инвестиция көлемі 21,6% артқан.

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше 2018 жылдың 9 айында тартылған инвестиция көлемі 7,5 трлн теңгені құраған, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 5,7 трлн теңге көлемінде болды. Оның айтуынша негізгі өсім тау- кен өнеркәсібінде (41,4%-ға), құрылыста(37,1%-ға) және өңдеу өнеркәсібінде (26,4%) байқалып отыр.

- Республикалық деңгейде инвестициялардың басым бөлігі Атырау (35,8%), Астана (9,2%), Алматы (6,5%) сияқты өңірлерге тиесілі. Инвестициялардың өсімі көптеген өңірлерде байқалады. Солардың ішіндегі үш көшбасшы өңірге Шымкент қаласы– 2,8 есе, Атырау - 35,6% және Қарағанды облысы - 28,5% жатады. Алматы мен Жамбыл облыстарында инвестиция өсімі азайған, ал, Түркістан облысында төмендеу байқалды. Алайда, бүгінгі күні Түркістан аймағына объективті баға беру қиын. Өйткені, өткен жылы базада Шымкент қаласы қамтылған болатын. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі жеке қорлардың үлесі 2018 жылдың 9 айында 73,1%-ды (5,5 трлн. теңге) құрады. Биылғы жеке меншік қаражатты 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда аймақтарда айтарлықтай өсім байқалды. Олардың басында Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола облыстары тұрса, кейінгі тізімді Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары жалғастырады-дейді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір