• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:02:15
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2019 NEWS

Бойжеткенді қағып өлтірген "байдың баласы" жазадан құтылып кетуі мүмкін

Оның көлігінің астында қалған қыз алған жарақаттарынан 4 күн ауруханада ес-түссіз жатқан күйі көз жұмған.

Қызылордада 22 жастағы бойжеткенді көлікпен қағып кеткен 14 жасар бозбала қылмыстық жауапқа тартылмауы мүмкін.

«Астана» арнасына сұхбат берген адвокат Светлана Біржанова осылай деді. Өйткені, заңға сай 16 жастан асқандар ғана жол көлік оқиғаcына қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  СҚО Адвокаттар алқасының мүшесі Светлана Біржанованың айтуынша, көлік тізгіндеген бала кәмелетке толмағандықтан, ол заңға сай мүлде жауапқа тартылмайды.

-"Сот көліктің иесін анықтауы тиіс. Егер темір тұлпар баланың ата- анасына тиесілі болмаса және бала оны өзі айдап әкеткені дәлелденсе, көлік иесі әкімшілік жазаға тартылады. Егер кісі қағып кеткен көлік баланың әке-шешесінікі болса, онда олардың бірі үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді адвокат.

Ал оның көлігінің астында қалған қыз алған жарақатының салдарынан 4 күн ауруханада ес-түссіз жатқан күйі көз жұмған. Сақшылар екі бірдей бап бойынша соталды тергеу жүргізуді бастады. Марқұмның туыстары әділ тергеуді талап етіп отыр.  

-"Оқиға орнында оның анасы көлік тізгінін ұлына өзі бергенін айтты. Тәртіп сақшылары "дәл сол маңдағы бақылау камералары басқа жаққа қарап тұр" деді. Шындықты іздеп шырылдап жүрміз", - деді марқұм бойжеткеннің әпкесі Сәния Абдуллаева. 

♦Бесіктен белі шықпаған бала машинаға мініп алып, адамды жазым етті

Осыдан бірнеше күн бұрын Сәния Абдуллаева өзінің Фейсбуктегі парақшасында 14 жастағы бозбаланың Қызылордадағы атақты бизнесменнің баласы екенін жазған болатын. Сәнияның сөзіне сенсек, 14 жастағы Жәдігер Сабыржан Жәдігерұлы – бизнесмен Жәдігер Орақбаевтың ұлы. Әрі әкесі жақында ғана Қызылорда қаласының құрметті азаматы атағын алған екен. Ал Орақбаевтың келіні Ақмарал Әлназарова – Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы екенін жазған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір