• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:05:31
Алматы
+35°

Ресейде бойжеткен тордағы аюларға тамақ беремін деп ауыр жарақат алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.ru сайтының дерегіне сүйеніп.

Оқиға дүйсенбі күні «Зеленая» атты демалыс базасында орын алған.

Демалыс саябағының аймағында екі аю бар тор орналасқан. Демалуға келген екі қыз оларды қолдарымен тамақтандырмақ болған.

Алайда, кенеттен тордағы аюлардың бірі қызға тап беріп, қолынан тістеп алған. Бойжеткеннің қолы мен бетін қатты жарақаттап, оны ауруханаға алып кеткен.

Қолдарына қатты зақым келгендіктен сол қолын кесіп тастауға тура келіпті. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр. Қазіргі таңда тергеу комитеті болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір