• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:08:45
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2017 Әлеумет

Ботокс салдырамен деп құбыжыққа айналған әйелдің жантүршігерлік оқиғасы (ВИДЕО)

Флоридалық Кэрол Брайан әркез ерекше сұлулығымен ерекшеленетін деп жазады

Флоридалық Кэрол Брайан әркез ерекше сұлулығымен ерекшеленетін деп жазады videoboom.cc.  Жастайынан адамдардың оған сүйсіне қарағанына үйренген. Алайда жылдар өте келе әйелдің ажары сола бастады.

Бастапқы кезде Кэрол косметиканың көмегіне ғана жүгінді. Одан кейін пластикалық операция жасауды ұйғарады. Қартайған сұлу бір күні хирургтың скальпелі оны құбыжыққа айналдыратынын білмеді.

Сұлу келбет, жағымды дауыс, тік мінезді Кэролге ғашық жігіттер көп еді. Алайда 30 жасқа таяп қалғанда әжімі күрт көбейген. Сол кезде алғаш рет пластикалық хирургтың көмегіне жүгінеді. Ботокс салғаннан кейінгі нәтиже оның көңілінен шығады.

Содан бері Кэрол тұрақты түрде ботокс салдырып тұрған. Келесі 24 жылда ол операцияны жиі-жиі жасатқызды. Кезекті операциясынан кейін Кэрол нағыз құбыжыққа айналды.

Дәрігер оны дермальді филлерді қолдануға үгіттеген. Ол әйелдің бет әлпетін қайта қалпына келтіруге көмектесуі қажет еді.

Алайда сауатсыз дәрігер бір-бірімен араластыруға болмайтын екі препаратты араластырған. Операциядан кейін 3 ай өткенде бұрынғы сұлу әйел нағыз құбыжыққа айналды.

Бастапқы кезде косметологиялық орталықта беттегі ісік пен көгерген іздер барлығында болғанын айтқан. Алайда қанша уақыт өтсе де Кэролдың беті мен маңдайының көлемі кішіреймеген. Келесі жеті жыл Кэрол Брайн үшін нағыз сұмдыққа айналды.

 

Білімі жоқ хирургтың кесірінен әйелдің сұлулығы ғана емес, денсауығы да нашарлаған. Көзіне күш түскендіктен миссис Брайанның оң көзі мүлде көрмей қалған.

Кэрол бірнеше жыл бойы үйінен шықпаған. Үйден шығуға мәжбүр болған жағдайда көзілдірік киіп, басына шарф орап, бетін бүркеп шығады екен.

Бірнеше жыл өткеннен кейін ғана Кэролдың қызы оны көмек сұрауға көндіріп, кәсіби хирург оған көмектесе алды. Сауатсыз хирургтың қателігін жою үшін көптеген ауыр операцияларды бастан өткеруге тура келді. Соңғысы 17 сағатқа созылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір