• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:06:26
Алматы
+35°

24 Шілде, 2018 Аймақтар

Ботаникалық бақтың инфрақұрылымдық шығындарын қалалық әкімдік өтейтін болды

Басқарма басшысы бақ өсірудің ғылыми мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырында қалатынын айтты

Ботаникалық бақтың инфрақұрылымдық шығындарын қалалық әкімдік өтейтін болды.

«2018 жылдың соңына дейін Ботаникалық бақтың инфрақұрылымдық шығындарын төлеу құзырын қалалық әкімдікке беру мәселесі шешілуде. Бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді қалалық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев. 

Басқарма басшысы бақ өсірудің ғылыми мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырында қалатынын айтты. Әкімдік тек территорияның абаттандырылуына, тазалығына ғана жауап бермек. 

Айта кету керек, бүгінде Болат Өтемұратовтың қоры ұсынған Ботаникалық бақты қайта жасау тұжырымдамасы қоғам талқылауынан өтіп жатыр. 

Аумағы 103,6 га болатын бақ 2006 жылдан бері республикалық маңызы бар ерекше күзетілетін аймақ болып саналады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір