• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:06:33
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 NEWS

Бостондағы теракт ісі бойынша сотталған Диас Қадырбаев елге оралады

Азамат Тажаяқов пен Диас Қадірбаевқа айғақтарды жоюға әрекеттеніп, тергеу амалдарына бөгет жасады деген айып тағылған еді.

АҚШ-та сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев 2018 жылдың 23 шілдесінде мерзімінен бұрын босатылады, деп хабарлайды ҚР СІМ Informburo.kz ресми сауалына жауап ретінде.

"Диаc Қадырбаев Техастағы Big Spring федералдық түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Отандасымыз жақын арада бостандыққа шығатынын қуана хабарлаймыз. Түрмеден шыққан соң Диасты виза мәселесі бойынша АҚШ-тың миграциялық қызметіне тапсырады. Үлгілі тәртібінің арқасында Диас мерзімінен бұрын, 23 шілдеде босатылады деп жоспарланған. ҚР СІМ отандасымыздың елге оралуы үшін бар күш жігерін жұмсап жатыр", - хабарлады ҚР СІМ

СІМ Диастың физикалық, психологиялық жағдайы өте жақсы екенін атап өтті.  

"Қазақстан елшілігінің өкілдері отандасымыздың әкесі Мұрат Қадырбаевпен тұрақты түрде байланысып отыр. ҚР СІМ Диастың отанына оралу процесін тездету үшін бар күш-жігерін жұмсап жатыр", - делінген хабарламада.

"2017 жылы Қазақстанның Бас прокуратурасы АҚШ-тың әділет министрлігіне Диас Қадырбаевты отанына ауыстыру мәселесі бойынша бірнеше рет өтінім берген. Алайда қылмысының ауырлығына байланысты отандасымызды кері қайтаруға келісім бермеген", - деп хабарлады министрлік.

Бостондағы марафон кезінде жарылыс ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Азамат Тажаяқов пен Диас Қадірбаевқа айғақтарды жоюға әрекеттеніп, тергеу амалдарына бөгет жасады деген айып тағылған. Тергеу деректеріне қарағанда, теракттан үш күн өткеннен кейін олар Царнаевтың ноутбугі мен ператехникалары бар сөмкені лақтырып жіберген. Болжам бойынша, олар жаңалықтардан Царнаевтың суретін көріп, оның терактқа қатысы бар екенін түсінген соң қолдарындағы айғақтардан құтылуға кіріскен. Кейін ол сөмке қоқыс жәшігінен табылды. Нәтижесінде Диас Қадырбаев алты жылға, Азамат Тажаяқов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

2016 жылы Азамат Тажаяқов Қазақстанға оралды. Қазір Атыраудағы ЖОО-лардың бірінде мұнайшы мамандығы бойынша білім алып жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір