• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:24:31
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018 Әлеумет

Босанып жатқанда көз жұмған 4 анаға қатысты сарапшылар мәлімдеме жасады

Жыл басынан бері елімізде 31 сәби дүние есігін аша сала, анадан жетім атанған.

Астанада елді елең еткізген төрт жас ананың өліміне қатысты сараптамаға  шетелдік мамандар араласуда. Израильден арнайы Елордаға келген дәрігерлер қаладағы жағдаймен жіті танысыпты. Әзірге бұл оқиғаның нақты қортындысы тек 20-тамыз күні белгілі болмақ. Ал анасынан қапияда айырылып қалған төрт сәбидің жағдайы қалай? Дәрігерлер әлі есін жимаған нәрестеге қатысты қандай болжам жасап отыр? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сүйген жарынан көз жазып қалған Сапар Әміртай екі айдан бері №1 Перинаталдық орталықта жатқан перзентінің денсаулығына алаңдаулы. Себебі, нәресте 50 күннен бері есін жимапты. Әзірге дәрігерлер баланы үш сағат сайын тамақтандырып, жөргегін ауыстыруға рұқсат берген. Бірақ, қыз баланың сауығып кетуіне қатысты ешқандай болжам жасай алмай отыр,- дейді. 

«Қазір оған ешқандай дәрілер ештеңе егіп жатқан жоқ. Өйткені осы перинаталды больницаның глав врачтары да, ешқайсысы да өзгеріс болады деп, қашан оянады, не істейтіндерін олар әлі бірде-бір сөз айтқан жоқ. Қасымызға ешқайсысы келген жоқ. Мысалы даже Израильден келген мамандар бірінші тірі адамды ойлау керек қой, баланы ойламай, көз жұмған аналарды ғана ойлап, сонымен ғана келісіп, мұнда келіп жүр» - дейді марқұм болған келіншектің күйеуі Сапар Әміртай.

Ал қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы  бірінші баланың неврологиялық паталогиямен әлі перинаталадық орталықта жатқанын растайды. Онымен қоса, анасынан көз жазып қалған тағы бір бүлдіршіннің жағдайды ауыр екен. Әзірге олардың қашан үйлеріне шығарылатыны белгісіз. 

«Жалпы сәбилердің жағдайына келетін болсақ, бірінші  көз жұмған жас ананың нәресетесі неврологиялық патологиямен əлі  перинаталдық орталықта жатыр. Оның халі  орташа ауыр. Екінші және төртінші сəби үйіне шығарылған. Ал үшінші бала әлі №1 перинаталдық орталықта. Оның халі орташа, тұрақты десек болады. Екі сәби де дәрігерлердің жіті бақылауында» - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. 

Елордада босану кезінде көз жұмған төрт әйелдің өлімін Израильден келген мамандары да зерттеп көрген. Олардың болжамынша жаңа босанған келіншектің төртеуін де аман алып қалу мүмкін емес екен. Себебі, жас аналардың бәрі поталогиямен түскен. 

«Өкінішке қарай оны алдын алу мүмкін болмады. Тіпті, біздің елде тура осындай жағдайға тап болушы едік. Сондықтан да алдағы уақытта мұндай жағдай қайталабас үшін алдын алу шарасын қолға алған жөн» - дейді шетелдік сарапшы Наталья Мелех-Хедват (Израиль).

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 31 сәби дүние есігін аша сала, анадан жетім атанған. Соңғы жағдай күні бүгін ғана Ақмола облысында тіркелді. Мұнда 25 жастағы жүкті келіншек дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды. Бүгінде аталмыш оқиғаға байланысты сот  медициналық тексеру жұмыстары жүргізілуде.


"Дәрігерлердің қолынан сол бала өліп отыр.  Себебі қан кетіп, бір кеште екі наркоз берді. Ылғи жас медиктер отырады. Компьютерден бет алмайды. Ешқашан ешкімді қолына алып емдемейді. Өзіміз үш күннен бері өзіміз білмей отырмыз сап-сау жүріп қалай ортамыздан кетіп қалғаны» - дейді марқұмның анасы Айша Бейсенбаева.

«Әлем бойынша жүктілік пен босану кезіндегі түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алмаған үшін күн сайын 830  әйел  көз жұмады екен. Мамандардың айтуынша, аналар өлімінің 75 пайызы жоғарғы қан қысымы, босану кезіндегі қан кету мен түрлі жұқпалы инфекциялардың әсерінен болады. Сондықтанда кез келген әйел жүктілігіне аса мұқият болған абзал, дейді олар».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір