• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:55:44
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 Денсаулық

Бос уақытта қандай пайдалы іспен шұғылдануға болатынын білесіз бе?

Статистика бойынша біз бір аптада 8,5 сағатқа жуық уақытты әлеуметтік желілерде: газет, журнал, радио, TV, интернетте өткіземіз.

Статистика бойынша біз бір аптада 8,5 сағатқа жуық уақытты әлеуметтік желілерде: газет, журнал, радио, TV, интернетте өткіземіз. Осы желілерге қарап жүріп, күніміздің біраз бөлігінің қалай өтіп кеткенін байқамай қаламыз деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Міне, дәл осы 8,5 сағатты «бос уақыт» деп есептейік.  Теледидар мен ток-шоуды көруді азайтып, оның орнына керемет, пайдалы істермен айналысуға болатынын білесіз бе?

– Күнделік жазыңыз

Күнделік жазу арқылы өмірді терең түсінуге және жазушылық қабілетті арттырып қана қоймай, назарды ең маңызды заттарға аударуға көмектеседі. Оны қағазға немесе электронды түрде жассаңыз болады. Күнделік жазу үшін күніне 5-10 минут немесе аптасына бір сағат уақыт бөлу маңызды емес.

Не жазу керек? Күнделікті досыңыздай көріп, жан-дүниеңізді ақтарып жазыңыз. Мақсаттарыңызды және оған жету жоспарын немесе денсаулығыңыз үшін тамақтану кестесін, күн тәртібін енгізіңіз.

– Қаржылық жағдайыңызды оңтайландырыңыз

30 жасқа толғанда аяққа нық тұруыңыз керек. Тек қана ақша таппай, оны жинап, инвестициялауды ойлаңыз. Егер қаржылық жағынан шектеу болса, кіріс -шығыстарыңызды реттеуге уақыт бөліңіз.

Қаржылық курстардан өтіңіз. Үнемдеуге дағдыланып, пайызы жоғары кредиттерді бірінші жабуға тырысыңыз. Бұл жеке қаражатты басқарудың бір ғана жолы.

Қаржыңызды ұтымды пайдаланыңыз, сізді байлыққа жеткізетін әдеттерді үйреніңіз, балаларыңызды қаржылық сауаттылыққа үйретіңіз.

– Жадыңызды жаттықтырыңыз

Есте сақтау қабілетін бұлшық ет секілді жаттықтыру керек. Ол үшін мнемоникалық әдісті және әртүрлі жаттығуларды жасауға болады. Дұрыс тамақтанып, ұйқыны қандырып, көп қозғалу да маңызды.

Жадыны жақсарту арқылы оқуда үлкен жетістікке жетесіз. Өмірде кездестірген адамдардың есімін, ерекшеліктерін ұмытпай, достарыңыз көбейеді. Бәсекелестікте есте сақтау қабілетінің рөлі зор.

– Суретке дұрыс түсіруді меңгеріңіз

Аңызға айналған француз фотографы, фотожурналистика мен фоторепортаждың әкесі Анри Картье-Брессон: "Сіз ең алғаш түсірген 10 000 сурет – сіздің ең нашар суретіңіз",- дейді. Мұнда бір тәжірибе аздық етеді. Суретіңіз әдемі, жанды болу үшін суретке түсіру жолдарын білген пайдалы.

Камераны орнатуды, ракурсты дұрыс таңдауды және қарапайым суретке түсіру тәсілдерін меңгеріңіз. Фотографтарға арналған сайттарды бақылаңыз. Арнайы курсқа жазылыңыз. Үйден де оқи аласыз. Мысалы, Coursera, Udemy секілді оқу платформаларында үнемі фотографтарға арнайы курстар жарияланады.

– Сурет салыңыз

Сурет салу қабілеттеріңізді арттырып, стресстен арылуға көмектеседі. Когнитивті қабілетті арттырып қана қоймай, есте сақтауды жақсартады. Сурет салу арқылы өз өміріңді жандандыра аласың.

Суретті бәрі сала алады. Егер дәстүрлі кескіндеме техникасы қиын болса, дудлинг тәсілін үйреніңіз. Сурет салуды меңгеру – бос уақытқа тұрарлық іс.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір