• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:00:56
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2017 Әлеумет

Бос уақытында қой бағатын президент

Ахмадинежад Махмуд 1956 жылы  Иран мемлекеті Грярмсар қаласында дүниеге келген деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.Ол Иран Ислам мемлекетінің...

Ахмадинежад Махмуд 1956 жылы  Иран мемлекеті Грярмсар қаласында дүниеге келген деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.Ол Иран Ислам мемлекетінің 6-президенті. Тегеранның ғылым және өндіріс университетін инжинер мамандығы бойынша тамамдаған. Оның президент болып қызмет еткендегі іс-әрекеттері әлемді таңқалдырған. Ол президент болған кезінде жұмысына автобуспен баратын, ал оның зайыбы медреседе тазалықшы болып істейтін. 

Оның президенттік басқаруы кезінде:

1. FoxNews америкалық телеарна тілшісі Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтан: «Таңертең айнаға қарағанда, Сіз өзіңізге не дейсіз?» деп сұрағанда ол былай жауап беріпті: «Мен айнадан көрінген адамға: «Ұмытпа, сен қарапайым қызметші ғанасың» деймін. 

2. Ахмадинежад, алғаш рет президент кабинетіне кіргенде, көпшілікті таңғалдырған әрекет жасайды. Аса қымбат иран (парсы) кілемдерін Тегеран мешіттерінің біріне садақа етіп, оның орнына кәдімгі арзан кілемдерді төсеттіреді. 

3. Ол президент бола сала, өз мүлкіне мағлұмдама (декларация) жасайды: Пежо автокөлігі 504 (1977 ж. үлгі) және Тегеранның кедей аудандарының бірінде тұрған, әкесінен 40 жыл бұрын мұраға қалған шағын ескі үй.

4. Әкімшілік қызметкерлерін қайран қалдырған тағы бір жайт - президенттің күн сайын ұстап келетін, көтеріп қайтатын портфелі. Оның ішінде әйелі өз қолымен әзірлеген таңғы асы – бірнеше бутерброд немесе зәйтүн майы қосылған нан мен ірімшік болатын. 

5. Өзі қоныс тепкен әрі қызмет істейтін аудандағы аула сыпырушыларға жиі көше сыпыруға көмектеседі. 

6. Ол әрдайым қонақ үйге ат шалдырған кезде, үлкен кереуеті бар кең бөлме сұрамайтын, себебі ол төсекте жатқанды ұнатпайды, жерге матрац төсеп, көрпеге оранып ұйықтайды.

7. Оның басшылығы тұсында, үнемі, министрді қызметке тағайындаған кезде, оларға бірнеше тармақтан тұратын құжатқа қол қойдыратын, соның ішінде құбатөбел ғана өмір сүру және есепшоттары мен туған-туыстарының есепшоттары әрдайым тексерілетіні жайлы келісім. 

8. Ол тіпті президенттік еңбекақы да алмайды, мұнысын барлық байлық ұлтыма тиесілі, мен соның сақтаушысымын деп түсіндіретін. 

9. Ол профессорлық-оқытушылық қызметтен түскен 250 доллар табысқа күнелтеді. Өз үйінде бау-бақша, көкөніс өсіреді, қой бағады.

Аударған: Айбек Оралхан

Шолушы: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір