• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:23:01
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 Аймақтар

Боранда жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің мәйіті табылды

Бейсенбіде аталған ауданда қатты жел тұрып, боран соққан еді

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан ауданында жоғалып кеткен мұғалім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» мәліметіне сүйеніп. 

Жасы жиырмаға енді ілінген жігітті полиция мен төтенже жағдай, әкімдік қызметкерлері бір тәулік бойы іздеген. Аудандық ІІБ бастығы Марат Әлжановтың айтуына қарағанда, құрамына еріктілер қосылған іздеу тобы жақын маңдағы ауылдардың барлығын тексерген. Ақмола облысының Ішкі істер департаментіне хабар берілген.

«Жоғалып кеткен Береке ауылының 20 жастағы тұрғыны өз аулынан 10 шақырым жерден табылды. Мәйітте дене жарақаты жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Береке ауылында тұратын мұғалім күндіз үйінен мектепке шығып, із-түзсіз кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бейсенбіде аталған ауданда қатты жел тұрып, боран соққан еді.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір