"Болған іске Аюптай сабырлы, Дәуіттей шүкір етіп, бекем болыңыз"

"Болған іске Аюптай сабырлы, Дәуіттей шүкір етіп, бекем болыңыз"
Ⓒqamshy.kz

Мырзабай ахунның Бұхарада медресесінде оқып жатқан баласы мезгілсіз дүние салыпты. Баласының қазасын естіру үшін Қайқы батыр, Алданазар би және Қалжан ахун үшеуі жолға шығады. Жолай үшеуі «Қазаны қайсымыз естірткеніміз жөн» деп кеңеседі. Алдымен Қалжан ахунға қолқа салып:

— Сіздің ахун деген атыңыз бар. Әйгілі Көкілташта оқыдыңыз. Дін жоралғысын айтып, қазаны сіз естіртіңіз жөн шығар, — дейді. Қалжан ахун:

— «Жүйрікті жүйрік көргенде аяғы тыпырлайды» деген, бұл жолы менің ретім емес. Діннің шартына салып көңіл айтсам, Мырзекеңнің көңілін қарып түскендей болармын. Онан да Қайқы айтсын, — дейді. Қайқы батыр:

— Мені қаптаған қалың жауға жұмса, бірақ естіртуді атай көрме. Батырлығым ұстап, бетке айтып, Мырзекеңнің жұлынын жұлып түскендей болармын. Онан да биекең естірсін, — дейді. Үшеуі де осыған келіседі. Қазаны Алданазар би жеткізетін болады.

Мырзабай ахун бұларды құшақ жая қарсы алып, дастарқан жаяды. Сөздің реті келген тұста Алданазар би:

— Мырзеке бір сұрағым бар еді. Осы шүкірлік кімнен қалған? — деп сұрайды.

— Ой, оның несін айтасың. Баяғыда Дәуіт пайғамбар отыз ұлын ертіп мешітке келеді. Қараса, жамағат жиналып болмаған екен. Оларды күтпей-ақ, намазды бастап кеп жібереді. Намаз үстінде оң жағынан қарап: «Асслаумалейкум, Рахматулла» десе, көзі оң жағында отырған он бес ұлына түсіпті. «Ассалаумалейкум, Рахматулла» деп сол жағына қарағанда, көзі сол жағында отырған он бес ұлына түсіпті. Ішінен «алпамсадай отыз ұлым бар. Өзім де бір жамағат болып қалыппын ғой» деп марқаяды. Дұғасын жасап, бетін сипап орнынан тұрса, отыз ұлы сәждеден бас көтермей жатады. Жандарына барса, бәрі де өліп кетіпті. Сол кезде Дәуіт пайғамбар «неге шүкірлік етпедім екен» деп өкінген екен. Осы өмірінің соңына дейін сабақ болып, үнемі шүкірлік етіп жүріпті. Кейін Ұлық Алла пейіліне Сүлеймендей ұл берді» — деп Мырзабай ахун Дәуіттің қиссасын айтып береді.

Алданазар би:

— Е, Дәуіт те отыз ұлдың қазасына қайыспаған ер екен, бізге қалдырған жол екен, — деп бір тоқтапты. Сосын әңгімесін жалғастырып:

— Ал, сабырлық кімнен қалған? — дейді. Мырзабай ахун:

— Ол Аюп пайғамбардан қалған. Алланың ауыр сынағын арқалап, ол да бізге өрнек қалдырған. Денесін қырық жыл құрт жейді. Сау-тамтығы қалмайды. Ел-жұрты «жұқпалы ауру» деп безіп, айдалаға апарып тастайды. Мал-мүлкі бір жұттан кетеді. Ішуге тамақ, тұруға дәрмен таппай әбден қиналады. Бірақ сонда да Құдайдан үмітін үзбепті, сабырын сындырмапты. Үстінен бір құрт жерге түссе: «Алла сенің несібеңді менің денемнен бұйыртқан шығар» деп құртты қайта орнына салып қояды екен. Мейірімді Алла оның сабырлығын риза болып, жерден бұлақ шығарды. Сол бұлаққа шомылғанда отыздағы жігіттей саламат күйге оранды. Дүниесі де, ел-жұрты да жанына қайта жиналды. «Сабырлық Аюптан қалды деген сөздің» қиссасы осы, — деді. Алданазар би:

— Е, сабырын сындырмаған құлға Алланың берері мол десеңізші, — деп тағы бір тоқтайды. Сосын сөзді әрі жалғап:

— Ілім-білімнің жолында жүріп дүниеден қайтқан ғалымның барар жайы қандай? — дейді. Мырзабай ахун, ойында ештеңе жоқ, әңгімесін бұрынғысынша жалғастырып:

— Ілім-білім Ыдырыс пайғамбардан қалған дария. Ол ілімінің арқасында төртінші қаттан орын, жұмақтан жай алды. Ілімге ғалымның өзі емес, ниеті бұрын жетеді деген. Ғалым мезгілсіз қаза тапса да, мұраты орындалады. Баяғыда бір құмырсқа Меккеге жол тартыпты. Оны көрген боққоңыз: «Бейшара, кішкентай сирағыңмен Меккеге қашан жетер екенсің» деп мысқылдапты. Сонда құмырсқа: «сирағым кіші болғанымен ниетім үлкен. Мен жетпесем де ниетім жетеді. Сен сияқты боқ қуғаннан гөрі, Құдайдың ілімін қуғаным әлдеқайда жақсы» деген екен. Сол сияқты Құдайдың ілімін іздеген жанның жайы Ыдырыс пайғамбардың жанында, — депті. Сонда Алданазар би:

— Е, жарықтық, сіздің ұл да сол Ыдырыстың сұхбатында, жәннаттың бақшасында отыр екен ғой, — дейді.

Үміт күткен ұлының дүниеден жастай кетуі әке үшін орны толмас қаза. Мырзабай ахун ұлының қайтқанын бірден түсінеді. Суық хабар маңдайынан аққан суық терге араласып кеткендей әсер етеді. Үнсіз отырып қалады. Сол кезде Алданазар жақындап келіп, жауырын қапсыра құшақтап:

— Мырзеке, болған іске Аюптай сабырлы болыңыз. Дәуіттей шүкір етіп, бекем болыңыз. Мейірімді Алла Аюпты жалғыз қалдырмады. Дәуітке Сүлеймендей ұл берді. Құдай бергенін алса да, енді берерін алмасын деп тілейік», — деп көңіл айтқан екен.

Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Кашмирде не болып жатыр?
    21/02 14:05 0 28
    2
    Жаңаөзен жастары Елбасына видео үндеу жолдады (видео)
    21/02 13:57 0 77
    3
    Ұлтынан, тілінен мақұрым қалған қазақстандық әжей өз-өзін іздеп жүр
    21/02 13:48 0 84
    Алматыда екі жігіт 35 жастағы әйелді буындырып, тонын шешіп алып кеткен (видео)
    21/02 12:28 0 1208
    Түрікмен полициясы әйелдердің көлік жүргізу куәлігін тартып алып жатыр (видео)
    21/02 12:17 0 163

    Таныстырылғандар

    Алғабас тұрғыны ұлының туған күнінде лифттен құлап, ажал құшты (видео 18+)
    Алғабас тұрғыны ұлының туған күнінде лифттен құлап, ажал құшты (видео 18+)
    Алғабас тұрғыны ұлының туған күнінде лифттен құлап, ажал құшты (видео 18+)
    2018 жылдың 13 ақпанында «Зерделі» ықшам ауданының тұрғыны дәл ұлының туған күнінде лифт шахтасына құлап қайтыс болды.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 11:58 0 2805
    Әлемдегі ең үлкен сарқыраманың қатып қалған көрінісі жұртты тәнті етті (фото)
    Әлемдегі ең үлкен сарқыраманың қатып қалған көрінісі жұртты тәнті етті (фото)
    Әлемдегі ең үлкен сарқыраманың қатып қалған көрінісі жұртты тәнті етті (фото)
    Ауа температурасы 30-40 градусқа дейін төмендеді.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 15:13 0 860
    Елбасының көңілін босатқан қандай өлең?
    Елбасының көңілін босатқан қандай өлең?
    Елбасының көңілін босатқан қандай өлең?
    Елбасы көзіне жас алды
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 11:26 0 1769
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Басқосуда көпбалалы аналардың мәселелерін шешу жайы талқыланды
    15/02/2019 19:14 0 207
    Нұрділдә Ораз ҚР ІІМ кеңесшісі әрі ресми өкілі атанды
    Нұрділдә Ораз ҚР ІІМ кеңесшісі әрі ресми өкілі атанды
    Нұрділдә Ораз ҚР ІІМ кеңесшісі әрі ресми өкілі атанды
    Көпшіл азамат енді министрдің де БАҚ өкілдерімен жұмыс істеуіне атсалысады деп ойлаймыз.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 12:22 0 589
    Жақсы ененің 15 әдеті
    Жақсы ененің 15 әдеті
    Жақсы ененің 15 әдеті
    "Келінімнің мен «мама» деп атағанын қаламадым.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 16:04 0 5710
    Жаңа министр: Мен журналистерден қашпаймын, олармен дос боламын
    Жаңа министр: Мен журналистерден қашпаймын, олармен дос боламын
    Жаңа министр: Мен журналистерден қашпаймын, олармен дос боламын
    Өз сөзінде ведомство басшысы барша қазақстандықтарға қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 15:05 0 1039
    Димаш Құдайбергеновтің "ARNAU" атты концертінің уақыты белгілі болды!
    Димаш Құдайбергеновтің "ARNAU" атты концертінің уақыты белгілі болды!
    Димаш Құдайбергеновтің "ARNAU" атты концертінің уақыты белгілі болды!
    Концерт 29-маусым күні Астана қаласы, Астана арена залында өтеді.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 09:51 0 180
    "Ананың көңілі  балада..." Аналардың өмірінен 11 шынайы иллюстрация (фото)
    "Ананың көңілі балада..." Аналардың өмірінен 11 шынайы иллюстрация (фото)
    "Ананың көңілі балада..." Аналардың өмірінен 11 шынайы иллюстрация (фото)
    «5 минут тыныштық немесе дәретхананың есігін жабуды ұмытып кеткенде...»
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 10:26 0 371
    БАҚ: Бірнеше күн бұрын дүниеге келген 7 шақалақ шетінеп кетті
    БАҚ: Бірнеше күн бұрын дүниеге келген 7 шақалақ шетінеп кетті
    БАҚ: Бірнеше күн бұрын дүниеге келген 7 шақалақ шетінеп кетті
    25 жастағы әйел бірден 7 баланы дүниеге алып келгені мәлім болған еді
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 10:43 0 1944
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Сессия барысында Мәжіліс Төрағасының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 11:00 0 160
    Көп балалы әрі жалғызбасты аналарды енді кәсіпке оқытатын болады
    Көп балалы әрі жалғызбасты аналарды енді кәсіпке оқытатын болады
    Көп балалы әрі жалғызбасты аналарды енді кәсіпке оқытатын болады
    Курстарға оқуға жұмыссыз көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік осал топтағы аналар шақырылады.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 12:23 0 146
    Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер
    Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер
    Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер
    Қазақстанда да кезектен тыс өтетін президент сайлауына түсуге ниет білдірген әйел қауымының да қарасы көбейген.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 16:52 0 486
    Петр Порошенко: Украинаның шекарасында Ресейдің 87 мың әскері тұр
    Петр Порошенко: Украинаның шекарасында Ресейдің 87 мың әскері тұр
    Петр Порошенко: Украинаның шекарасында Ресейдің 87 мың әскері тұр
    Ресей бұл елдімекенді басып алған жағдайда Қырымға қарай құрлық әскерлері үшін дәліз ашылады
    Аудио тыңдау
    21/02/2019 11:05 0 179
    Ұлтынан, тілінен мақұрым қалған қазақстандық әжей өз-өзін іздеп жүр
    Ұлтынан, тілінен мақұрым қалған қазақстандық әжей өз-өзін іздеп жүр
    Ұлтынан, тілінен мақұрым қалған қазақстандық әжей өз-өзін іздеп жүр
    Қазір Қазақстанның даласына, әр ағашына, шөбіне ұзақ үңілем де, түпсіз, тамырсыз екенімді түсінемін.
    21/02/2019 13:48 0 84