• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:42:54
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Бәйтерек

Армысыз, Болат Аға Әбішұлы,
Сіздің үн – жігер үні, намыс үні.
Алаштың арқатірек Азаматы,
Өзіңіз – бәйтерегі, бағы-шыңы!

Алаштың бәйтерегі, шырқауысыз,
Биіксіз, ұлағатты ұлт арысыз!
Ар туын асқақтатқан Азаматсыз,
Баһадүр бабалардың ұрпағысыз!

Иманның исі тұнған игі азандай,
Төгілген салауатты сый ғазалдай.
Бабаңыз – өнегелі, өжет рухты 
Бірлігін баққан елдің Би Назарбай!

Мерейлі өзіңіздей ағам барда,
Жем болмас Ұлы Далам жамандарға.
Бір Сіздің арқаңызда кемдік көрмей,
Жасқанбай жасар қазақ қадамды алға!

Мың шүкір, Бір өзіңіз – ағам мықты,
Бір сізге мен сақтармын адалдықты.
Жастарға жанашыр боп сіз келесіз,
Танытып ағалықты, адамдықты!

Қараймыз үлгі тұтып керім ізге,
Орныңыз «жүрек» дейтін төрімізде.
Қазақтың қайсарлығын паш еттіңіз,
Сіңіріп ерен еңбек Еліңізге!

Аға, шын, мәшһүр бүгін ерлігіңіз,
Аға, шын, елжіретер кеңдігіңіз.
Бір Сіздей Азаматтың арқасында,
Мәнді, шын, мағыналы Елдігіміз!

Дамытып Туған Жерді, түз-белімді,
Бақытқа жетелейін ізгі елімді!
Қарайын келешекке Сіздің көзбен,
Алайын әрқашанда Сізден үлгі!

Үшқоңыр – бабалардың гүл-тұрағы,
Гүл мекен ұрпағымен құлпырады.
Біз – шыбық, Сіз – Бәйтерек, біздей шыбық,
Бәйтерек болсам дейді, ұмтылады!

Өзіңіз – бәйтерегім – асыл ағам,
Қалайша құрметімді жасыра алам?..
Ізгілер Өзіңіздей аз ғаламда,
Үлесі ізгілердей – ғасыр аман!

Өнерді өркендетіп, мақұлдаған,
Зекетпен зор сауапқа жақындаған.
Алланың ақ жолында ар ойлаған,
Ардақты, абыройлы, ақылды Ағам!

Ағатай, Сіздің сауап адал екен,
Бір Сіздің арқаңызда дала бекем.
Иеді қазақ басын тұлғаңызға,
Сүйеді Алла Сізді алабөтен!

Әкеңіз Әбіш Әке – текті дедім,
Анаңыз Әлжан Ана – текті дедім.
Тектілік тұнған жандар – ата-анаңыз,
Өзімнің ата-анамдай деп білемін!

Мен емес махаббатын жасыратын,
Дәл мендей болсын деймін ғашық ақын.
Қуанып жаңалыққа, дастан жаздым,
Дегенде «Әлжан Ана» Қасық атын!

Түсіме Әбіш Атам енсе ғажап!
Түсіме Әлжан Анам енсе ғажап!
Атауын Шамалғанның деп ойлаймын,
Ер Әбіш есіміне берсе ғажап!

Бір сізді аға тұтам, бағынып, шын,
Өзіңіз – асыл пана – ақ үміт, шын,
Қамқорлық, қайырымдылық жасап жүрсіз,
Қасынан көп мұқтаждың табылып, шын!

Сіз барда, болмас, сірә, ғұмыр мәнсіз,
Ғұмырдың мәнін ерек ұғынғансыз.
Мен, білсем, Болат Ағам – бәйтерегім,
Қазақтың бағы болып туылғансыз!!!

Қазақтың бағы болып туылғансыз!!!

Сарай ақыны Балтабек Нұрғалиев

Еске сала кетсек, Балтабек Нұрғалиев Болат Назарбаевқа арнап өлеңдер жинағын шығарған еді. Аталмыш кітап әлеуметтік желіде қызу талқыланды. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір