• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:14:51
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2018 NEWS

Болашақта біліктілікті арттыру курстары онлайн форматта болмақ

Бүгінде еліміздің оқытушылары біліктігін арттыру үшін облыс орталығына немесе қалаларға барып арнайы оқу курсынан өтеді

Бүгінде еліміздің оқытушылары біліктігін арттыру үшін облыс орталығына немесе қалаларға барып арнайы оқу курсынан өтеді. Бұл өз кезегінде қаржылық шығынға, уақыттың көп жұмсалуына ықпал етеді. Осыған байланысты Қазақстанда алдағы уақытта біліктілікті арттыру курстары онлайн форматта ұсынылады деп жоспарлануда.

Астанадағы Astana hub технопаркінде еліміздің төрт вице-министрлерінің қатысуымен «Digital Arena» форумы өткен болатын. Аталған форумда «ашық микрофон» айдары болып, IT саласындағы бизнес бастаушылар вице-министрлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Осы ретте, қатысушылар арасында отандық әлеуметтік желінің жоқ екендігі айтылып, білім және ғылым вице-министріне ұсыныстар жасалған.

«Біз бір жылдан бері отандық әлеуметтік желі әзірлеп жатырмыз. Біз де қазіргі таңда чат, канал барлығы дайын. Бұған қоса, жаңалықтар бөлімін дайындап жатырмыз. Осыған байланысты біз әлеуметтік желілер арқылы қосымша бағдарламалар енгізгіміз келеді. Мықты ұстаздардың эфирлік білім алуларын осы әлеуметтік желі арқылы қамтамасыз етсек дейміз. Осыған қатысты сіздермен жұмыс істесек деген ниетіміз бар», – деп өз ұсынысын білдірді IT компанияның директоры.

Вице-министр өз кезегінде осы мәселеге қатысты платформалар жасалып жатқанын, онлайн жүйе бойынша бірқатар істер атқарылып жатқанын баса айтты.

«Қазір мұғалімдер жыл сайын облысқа барып, біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Бұл мақсатта көптеген қаражат жұмсалады. Осыған байланысты біз онлайн режимді іске қоссақ дейміз. Біз министрлік осы мәселеге қатысты барлық жағдайды жасаймыз әрі қолдау көрсетеміз», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Айдарбекұлы.

Р. Айдарбекұлының айтуынша, кез келген ұйымға автоматтандыру жүйесі қажет. Қазіргі таңда еліміздегі мектептерде электронды күнделіктер кеңінен қолданылып жатыр.

Сондай-ақ, ол ситуациялық орталықтар арқылы мектептердегі жағдайды онлайн форматта бақылап отырудың маңызды екендігіне тоқталды.

«Цифрлық білу беру ресурстары бар. Бұған қадам басып жатырмыз.  Осыған сәйкес, қазіргі таңда еліміздегі мектептерде bilimland.kz порталы жұмыс істейді», – деді Р. Айдарбекұлы.

Айта кетейік, Астанадағы Astana hub технопаркінде еліміздегі
4 министрліктің вице-министрлерінің қатысуымен «Digital Arena» форумы өткен болатын. Оған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев қатысты. Өз кезегінде олар еліміздегі цифрландыру процесі мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу жағдайын айтты. Сондай-ақ, жас стартаперлердің тиімді ұсыныстарын қабыл алатындарын, отандық IT-мамандарын қолдайтындарын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір