Болашақ «назарбаевтанушыларға» арналады

Болашақ «назарбаевтанушыларға» арналады
Ⓒqamshy.kz

Бүгін яғни 29 қараша күні Астанадағы Мәжіліс үйінде Парламент Мәжілісінің депутаты, «Qazaqstan ardagerleri» Қауымдастығының Төрағасы, белгілі қоғам қайраткері, жазушы, ақын Бақытбек Смағұлдың «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.АЛТЫН ҒАСЫР» атты кітабының тұсаукесер салтанаты өтті.

Назарбаев

Іс-шара ұлтымыздың ұлық мерекелері – «Тұңғыш Президент күніне» және «Тәуелсіздік күніне» арналып отыр. Тұсаукесер рәсіміне Мәжіліс пен Сенат депутаттары, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің, бірқатар орталық мемлекеттік органдардың, зиялы қауымның өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.

Салтанатты рәсімде Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, Мәжіліс вице-спикері Гүлмира Исимбаева және басқа да мәртебелі қонақтар сөз сөйледі.

Б.Смағұлдың көркем тілмен жазылған бұл ғылыми зерттеу еңбегі ірі 7 тараудан тұрады. Әр тарау Елбасы-Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұлғасының жеті қырын ашады.

Атап айтқанда, «Тәуелсіздік – мәңгілік үшін күрес кеңістігі» тарауында Елбасының жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретіндегі тарихи рөлі сомдалады, Мәңгілік ел құру жолындағы сын-тегеуріндер тұжырымдалады.

«Елбасы шапағаты» тарауында автордың Н.Ә.Назарбаевпен кездескен 1984 жылдан бергі естеліктері, Мемлекет басшысының соғыс ардагерлеріне қамқорлығы баяндалады.

«Елбасы – жаңа ұлтты қалыптастырған феномен» атты тарауда мемлекетқұраушы қазақ ұлтының айналасында ұйысқан Қазақстан халқын – «Болашағы біртұтас ұлтты» түзу кезеңдері мен сол жолдағы қиыншылықтар нақты оқиғалар негізінде сараланады.

«Астана – жаңғырудың рәмізі» тарауы елорданы жариялау және тұрғызу кезеңінде болған, бірақ бұған дейін ел назарынан тасада қалып келген тосын оқиғалар мен тың деректерге құрылған.

«Өмір шынайылығын өзгерткен лидер» тарауында Б.Смағұл әскери сарапшы ретінде Қазақстан Президентінің дүниежүзіндегі әртүрлі қақтығыс ошақтарының өшіп, тұрғындарының бейбіт өмірге оралуына ықпал еткен бітімгер бейнесін сөзбен сомдайды.

«Азшылық ұлтты алыпқа айналдырған» тарауында халқының саны аз болғанымен, әлемдік көшбасшы мемлекетке айналған дамыған елдер тәжірибесі сарапталады, сондай-ақ «Ұлт Атасы» атанған тарихи лидерлер қатарында саналатын Н.Назарбаевтың Қазақстанды озық «отыздық» қатарына қосу стратегиясының мән-маңызы ғылыми талданады.

«Президентке бағыну – жағыну емес, саясатын қолдау – табыну емес» қорытынды тарауында Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және содан өрбитін мәселелерге мән беріледі, шын жүйріктерді емес, тіл жүйріктерді ілгері шығарған «постшындық» («post-truth») дәуіріндегі демагогия мен популизмнің қауіптілігі, прагматизмнің қажеттілігі әлемдік тарихи деректер арқылы дәйектеледі.

Бақытбек Смағұл өзінің ұзақ жылдардағы ой-толғанысының жемісі болып табылатын бұл еңбегінде Елбасы атымен ұштасқан «Елдіктің Алтын Ғасырына» қатысты бетбұрыстардың тек куәгері ғана емес, тікелей қатысушысы ретінде дәуір рухын, қазіргі заман бейнесін ғылыми негізде, бірақ ой мен тіл өрнегін төге отырып, аса қызықты суреттейді.

Кітап қалың оқырманға, әр сала мамандарына, сондай-ақ болашақ «назарбаевтанушыларға» орнықты ой, дәйекті дерек, тағылымды түйін, ұлағатты ұйғарым ұсынады.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?
    23/04 22:02 0 77
    2
    "Парасатты тұлға" - Мұхтар Құл-Мұхаммед Тоқаев туралы пікір білдірді
    23/04 18:42 2 231
    3
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    23/04 15:47 0 189
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    23/04 15:35 0 115
    Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (видео)
    23/04 14:58 0 324

    Таныстырылғандар

    Тони Бьюзен: жад, жылдам оқу және мнемотехника
    Тони Бьюзен: жад, жылдам оқу және мнемотехника
    Тони Бьюзен: жад, жылдам оқу және мнемотехника
    Мидың қызметін зерттеген ғалым қандай құпияларды ашты?
    15/04/2019 10:00 0 489
    Семіздік қазақтың қанында бұрыннан бар ма?
    Семіздік қазақтың қанында бұрыннан бар ма?
    Семіздік қазақтың қанында бұрыннан бар ма?
    Қазақстан Республикасында артық салмақ және семіздік бойынша соңғы зерттеу 2014 жылы жүргізілген
    15/04/2019 11:29 0 604
    Өзге құжатпен несие алған Ақтөбе тұрғыны сотталды
    Өзге құжатпен несие алған Ақтөбе тұрғыны сотталды
    Өзге құжатпен несие алған Ақтөбе тұрғыны сотталды
    1 миллион 325 мың теңге несиені өзге азаматтың жеке куәлігі арқылы рәсімдеген азамат ұсталды.
    16/04/2019 00:26 0 520
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    Ұлттық банкке Тоқаевтың «базалық мөлшерлемені түсір» деген тапсырмасын орындау қиынға түсетін сыңайлы
    16/04/2019 09:19 0 1784
    Маскүнем әйел өзінің екі баласын үйімен бірге өртеп жіберген
    Маскүнем әйел өзінің екі баласын үйімен бірге өртеп жіберген
    Маскүнем әйел өзінің екі баласын үйімен бірге өртеп жіберген
    Қылмыскердің тағы екі баласы бар екен
    16/04/2019 13:08 0 1596
    ҰБТ-2019: Мамандыққа сәйкес пәндерді таңдаудың  жолы айтылды
    ҰБТ-2019: Мамандыққа сәйкес пәндерді таңдаудың жолы айтылды
    ҰБТ-2019: Мамандыққа сәйкес пәндерді таңдаудың жолы айтылды
    Биылғы ҰБТ-да қандай өзгерістер барын білгіңіз келсе, оқыңыз.
    16/04/2019 15:20 0 694
    Нотр-Дам шіркеуін жөндеуге 200 миллион еуро бөлген кім?
    Нотр-Дам шіркеуін жөндеуге 200 миллион еуро бөлген кім?
    Нотр-Дам шіркеуін жөндеуге 200 миллион еуро бөлген кім?
    Біз ұлттың, елдің басына күн туғанда біріге білуіміз керек.
    17/04/2019 10:00 0 509
    Жетісайдағы масқара: үш баладан кімнің өшін алды екен? (Видео +18)
    Жетісайдағы масқара: үш баладан кімнің өшін алды екен? (Видео +18)
    Жетісайдағы масқара: үш баладан кімнің өшін алды екен? (Видео +18)
    Масқара! Кішкентай қыздың әуретіне пышақ тыққан.
    17/04/2019 12:14 0 1994
    Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
    Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
    Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
    Аталмыш іс ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер департаменті мен Білім және ғылым министрлігінің жеке бақылауына алынды.
    17/04/2019 13:13 0 1056
    "Нотр-Дам" шіркеуін қалпына келтіруге қаражат жіберген қазақстандықтар
    "Нотр-Дам" шіркеуін қалпына келтіруге қаражат жіберген қазақстандықтар
    "Нотр-Дам" шіркеуін қалпына келтіруге қаражат жіберген қазақстандықтар
    "Нотр-Дамды құтқарайық" деген ұранмен мекеме сайтында арнайы бөлім пайда болды.
    18/04/2019 10:06 0 3952
    Шри-Ланкадағы лаңкестік: қаза тапқандар саны артуда
    Шри-Ланкадағы лаңкестік: қаза тапқандар саны артуда
    Шри-Ланкадағы лаңкестік: қаза тапқандар саны артуда
    Қаза тапқандар арасында 35 шетелдік азамат бар.
    22/04/2019 00:34 0 258
    Украиналықтар Зеленскийге не үшін дауыс бергендерін түсіндірді
    Украиналықтар Зеленскийге не үшін дауыс бергендерін түсіндірді
    Украиналықтар Зеленскийге не үшін дауыс бергендерін түсіндірді
    Зеленский зейнеткерлердің аз зейнетақысы мен азық-түліктің қымбаттап кетуін ретке келтіреді деген үміттемін
    22/04/2019 15:01 0 306
    Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді
    Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді
    Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді
    Бейресми деректерге сүйенсек, Тимур Бекмамбетов лауазымды тұлғамен 2018 жылдың көктемінде көңіл жарастырған.
    22/04/2019 17:37 1 782
    Ғалымдар қойдың еті белсіздіктен қорғайтынын дәлелдеді
    Ғалымдар қойдың еті белсіздіктен қорғайтынын дәлелдеді
    Ғалымдар қойдың еті белсіздіктен қорғайтынын дәлелдеді
    «Биологиялық материалдарды талдау және зерттеу» орталығы мамандарының пайымынша, қойдың етінің көптеген пайдасы да баршылық екен.
    23/04/2019 09:14 0 1110
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    Galaxy Fold моделі жасаушылардың өзін таң қалдырды әрі үлкен қызығушылық туғызды.
    23/04/2019 15:35 0 115