• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:19:44
Алматы
+35°

28 Желтоқсан, 2016 NEWS

«Боко Харам» экстремистік тобы жасөспірімдерге қыздарды зорлауды үйреткен

«Боко Харамнан» қашып кеткен жасөспірім: Бізге қыздарды зорлауды үйрететін.

«Боко Харамнан» қашып кеткен жасөспірім: Бізге қыздарды зорлауды үйрететін.

Нигериядағы «Боко Харам» атты экстремистік топ жасөспірім балаларды ұрлап қана қоймай, сол жердегі балаларға қыздар мен әйелдерді зорлауды үйретеді екен.  Бұл жайында шет елдік тілшілерге сол топтан қашып шыққан 15 жастағы Ахмед атты бала айтып берген деп хабарлайды newsru.com, ақпараттың қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады. 

Бірнеше ай бұрын өзінің туған қаласы Багада жүргенінде «Боко Харам» тобының адамдары баланы ұрлап кетіп, Самбис орманындағы экстремистік топтың лагеріне жеткізілген.  Сол жақта баланы жауынгер етіп тәрбиелей бастаған. Екі ай өткеннен соң өзі секілді жаңадан қосылған бірнеше балалармен бірге Гвоз қаласына арнайы тапсырма беріп жіберген,  «әйелдер мен балаларды кепілдікее ұстап алып келіңдер, мүмкіндігінше көп адамдар ұстаңдар», - деп бұйрық берген.

Ахмедтің айтуынша, бастығының не нәрсені меңзеп тұрғанын түсіндеген.  Кейіннен өздері сияқты жасөспірімдердің  тапсырмамен кетіп, кепілдікке алып келген қыздарды командирлерінің қалай зорлап жатқанын көруге мәжбүр болғандығы анықталды.

«Қыздар айқайлап, көмекке шақырып жатты, бірақ жауынгерлер оларға көңіл аудармады», - дейді Ахмед. Кейде кепілде ұстап отырғандарға қару кезеп те қорқытқан екен.  Олардың командирлері: «қыздар жас балаларға емес, үлкен еркектерге арналған» деп айтады екен. Алайда, бір соғыста көп жауынгерлер қаза тапқаннан соң «Боко Харамның»  жаңа миссияларды орындауға жасөспірімдерді жіберуден басқа амалдары қалмаған, ал қыз балаларды мотивация беру үшін пайдаланған.

Ахмедтің айтуынша, өзімен қатар бірнеше балалар мұндай айлаға алданып қалған. Алайда, Ахмедтің өзі мұндай іске қызықпапты. Сол себепті де, Гвоз қаласына арнайы тапсырмамен жіберілген жендеттер тапсырманы орындап қайтып келе жатқан кезінде Ахмед орайын тауып қашып кеткен. Бір уақытта  кепілдікке ұстап отырған қыздардың бір тобы жүк көдігінен секіріп түсіп, орманға қарай қаша жөнелген. Ахмед сол қыздардың ізіне түскен сыңай танытып, «Боко Харамнан» қашып құтылған.

Ахмедтен бөлек  «Боко Харамның» лагерінде жауынгерлер қатарында кәмелет жасқа толмағандар да көп. Екі қыз өздерін кепілдікке ұстап алып қашып кеткеннен соң, оларды кішкентай балалардың зорлағаны жайлы тілшілерге мәлімдеген. Біреуі 13 жас шамасында екен. Ал қыздың жасы 16-да болған, баладан оңай құтыламын деп ойлаған қыз жасөспірімнің қолында тапаншасы болғандықтан қашып кете алмапты. 

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір