• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:32:03
Алматы
+35°

04 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Біздің жүріп өткен тарихымызда мәдени-тарихи аспектілеріміз өте бай

Қазақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қоғамға үлкен ой салды

Қазақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қоғамға үлкен ой салды. Онда сананы дүр сілкіндіріп, рухты оятатын ойлар мен бастамалар көп, деп жазады Алматы ақшамы басылымы.

Мемлекет басшысының жаңа мақаласы – ұлттық құрмет пен ұлылық мұратқа бастайтын өнегеге толы жол, жаңғырған Қазақстанның баянды бағдарына  құрылған  бастама. Бұдан  бұрынғы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала қазақ қоғамының күн тәртібін анықтауға мүмкіндік берсе, бүгінгі мақала  ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы жаңа дискурс.

Мемлекет басшысы өз мақаласында тұтас қоғамның және Қазақстанның әр азаматының санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсеткен. Шындығына сайсақ, Президент күллі адамзат, бүкіл дүние жүзінің өркениетті қауымы, барша елдер  барынша назар аударарлықтай әлемдік деңгейдегі, парасаттың шырқау биігіндегі пайымдарды  қоғамның  талқысына  салып отыр.

Мемлекет құрудың негізі экономикада емес, руханиятта жатыр. Руханияты бай, рухы биік ел ешқашан бастаған бағытынан айнымайды, ешбір қиындықта жеңілмейді. Яғни өзінің тәуелсіздігін сақтайды. Елбасы мақаласы қоғамды осыған үндеп, тарихи сананы жаңғыртудың жолын көрсетіп тұр.

Тарихи сана – бұрынғы ұмыт болған құндылықтарды жаңғырту арқылы іске асады. Біздің жүріп өткен тарихымызда тарихи-мәдени аспек­тілеріміз өте бай. Оны әлем біліп  танысуы  тиіс, басқалар мәртебе тұтуы керек.

Қазіргі қазақ халқы –  Ұлы даланың иесі, оның тарихы – Ұлы даланың тарихы, дәл қазір біз Ұлы даланың кіндігінде отырған,  бағаналы  елміз.

Еліміз Тәуелсіздік алған 27 жыл бедерінде үшінші мәрте тарихымызды түгендейтін үлкен  әлеуметтік бағыт-бағдар қолға алынып отыр. Ұлт­тық тарихын жүйелеп,  сана биігінкөтеруге  іргелі  талпыныстар жасады.  Біз«Мәдени мұра» бағдар­ламасы арқылы тарихи ескерткіштерді қалпына келтіріп, құнды жәдігерлерді жинақтап жүйеледік.

Мемлекет басшысы жоғарыдағы мақаласында: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақытпен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», депатап  өтуі бұл  бастаманың  өміршеңдігінің   ұзаққа  бара­тынын  айқындайды.

Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту салтанатында: «…біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы дала­ның мұрагерлеріміз! Осынау кең-байтақ Ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала!» деп айтқан болатын. Демек, осының өзінен Елбасы ойының әріден басталғанын көреміз.

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» аттымақаласы тарихи сананы жаңғырту бағы­тындағы нақтышаралар мен басты міндеттерді белгілеп беруімен де  құндылықтар  дүниесіне  айналып  отыр. Ал оның әлеуметтік тұрғыда көтеріп  отырған  жүгі   жаңа идеологиямызға тарихи негіз болып  тұр.

Кез-келген жаңа  бастама ұзақ  мерзімдік  бол­уы тиіс. Сонда ғана  ол өз нәтижесін  береді.  Мақа­лада «Архив-2025» жеті жылдық бағдарла­масын жүзеге асыру, «Ұлыдаланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Түркі өркениеті: түп-тамырынан қазіргізаманға дейін» атты жобанықолға алу, «Дала фолькло­рының антологиясын» жасау, Қазақстан тарихы­ның үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойы­лымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толық метражды көркем картиналардың арнайы циклінөндіріске енгізу мәселелеріде  дер  мезгілінде  көтерілген.

«Ұлы аланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және техно­логиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыка­сының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» деп арнайы аталуы да  мазмұнды  байыта  түседі. Бұларды жүзеге асыру руханият саласын жаңа өрлеу сатысына жете­лейтіні анық.

Сондай-ақ, мақалада «Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жолашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек» делінген.

Меніңше, бұл – өте маңызды әрі жауапты іс. Ұрпақ санасына ұлы тұлғаларымызды, тарихы­мызды сіңіру арқылы отаншыл азаматтар тәрбиелей  алатынымыз  белгілі.

Ұлы даланың Елбасы атап көрсеткен жеті қыры – бүкіл әлем мәдениетіне ықпал ететіні анық. Ал Қазақстан сол Ұлы даланың қара­ша­ңырағы! Демек, қарашаңырақ атымызға сай, та­рихи санамызды жаңғыртып, ұлыдаланың тарихын ұлықтайтын оны әрі қарай тасымалдайтын ұранды ұл, саналы қыз тәрбиелеуіміз керек.

Ғайникен Бибатырова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір