• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:29:06
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 Спорт

Біздің міндет – жеңіске жету – Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов Рио-де Жанейрода өткен Олимпиададан кейін екінші рет жекпе-жекке шықты.

19 ақпанда AIBA академиясында өткен Қазақстан және Өзбекстан құрамалары арасындағы кездесуде Мырзағали Айтжановтың шәкірттері 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық бокс чемпионы Данияр Елеусінов судья шешімімен өзбекстандық Бобоусмон Батуровтан үстем түсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Рио-де Жанейрода өткен Олимпиададан кейін екінші рет жекпе-жекке шығып тұрған Елеусінов дайындығының аз болғанын айтты.

–Қарсыласым – мықты боксшы. Халықаралық олимпиадаларда бой көрсетіп жүрген жігіт. Екеуміздің жекпе-жегіміз оңайға соққан жоқ.  Өзім жекпе-жекке 100 пайыз дайындалдым деп айта алмаймын. Бұл Олимпиададан кейінгі екінші жұдырықтасуым. Рингке шықпағанымды ескерсек, бүгінгі жекпе-жек қанағаттандырарлықтай болды деп ойлаймын, - деді боксшы.

Сонымен қатар, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

–Біз Азия ойындарына дайындалып жатырмыз. Басты міндет – жеңіске жету, - деді Данияр Елеусінов.

Елеусінов қазіргі таңда Қазақстан құрамасының атынан жарыстарға шығуға дайындалып жүр. Ал наурыздың басында қазақстандық боксшылар Польша мен Финляндиядағы турнирге аттанады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір