• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:19:28
Алматы
+35°

26 Шілде, 2018 Әлеумет

Бізді зорлап кете ме деп қорқып жүргенімізге 20 күн: полицияға бәрібір

Әлгі мені қуалап жүрген "маньяк" содан тура 1 апта бұрын жоғары қабатта тұратын Д. есімді келіншекті де пәтеріне дейін "аңдып" барған.

Шымкент қаласының тұрғыны Роза Бекетаеваның «Жиырма күн» деген тақырыппен фейсбукте жариялаған төмендегі мына жазбасы ешкімді бейжай қалдыра қоймас. Тапа тал түсте өз мүлкіңізді қорғаймын деп ажал құшсаңыз таң қалмайтын болдық. Енді күн шақырайып тұрған кезде тұрғын үйдің адамдары өз үйлеріне кіруден қорқатын болды. «Себебі айнала толған бұзақылар. Олар полициядан қорықпайтын болды. Полиция оларды аңдымайтын болды» дейді жазбаның астына пікір қалдырушылар.

Оқырман назарына Роза Бекетаеваның төмендегі жазбасын ұсынамыз:


«Менің Шымкент қаласы, әл-Фараби АІІБ арыз жазғаныма бүгін тұп-тура 20 күн. 
Тура осынша күн тыныштық, тырп еткен полицейді көрмедім. Тым-тырыс!
Тура осынша күннен бері мен және көршілерім әлгі бұзақы тағы дақайта айналып келіп, жас балаларға әлімжеттік жасап, қорқытып, тонап, тіпті зорлап кете ме деп алаңдаулымыз!
Былай болды. 5 шілде. Кешкі сағат 19.30 шамасы. Жұмыстан қайтқанмын. Подъезд. Мен 2 қабатқа жеткенде жоғарыдан төмен қарай бір жігіт түсіп келе жатты. Бірақ ол сыртқа шыққан жоқ. Кілт бұрылып, менің соңымнан ерді.
Соңғы бір айдың шамасында оны біздің "домнан" екі рет көргенмін. Бірінде подъезде темекі шегіп тұрғанына ұрысқанмын. Сондықтан түрі есімде қалыпты. 20-25 жас шамасындағы қырма сақалы бар түрікке ұқсайтын жігіт. 
Бұрын көргендіктен тұрғындардың бірінің туысы не досы деп ойлап, күдіктенбедім. 
Бірақ...Менен озып кетсін деп жай жүрсем, ол да жай, мен тездетсем, ол да асыға жөнелетіні ұнамай қалды. Телефонымды шұқылаған болып тоқтап едім, ол да тоқтады. "Озып кетші" деп айтпаққа бұрыла берсем, әлгі маған шабуылдауға дайын тұр екен. Сөмкем, соткамды қыса ұстаған бойы құстай ұштым. Ол қуа жөнелді. Көршілер естісін деп айқайлап қоямын. Бірақ ол қаймығатын емес. Иыққа қолы жеткенде жұлқылап үлгеріп жатты. 
Не керек, әлгі түрік тектес бейтаныс мені есігімнің алдына дейін қуып барды. Абырой болғанда үйде балам және інім бар еді. Менің жанұшырған даусымды естіп, есік ашып, "Не болды, неге айқайладыңыз?" деп сұрап жатыр. 13-те ғана болғанмен, дауыстары жуандап келе жатқан "переходной возрасттағы" балалар ғой. 
Қуып келе жатқан қарақшым осы кезде кілт тоқтады. Әйтпесе...
Әйтпесе жүгіріп келе жатып шешіп үлгерген белбеуімен ұрса немесе қылқындырса... құдай сақтасын! Дала қараңғы, подъезд қараңғы болса бір сәрі. Айнала жап-жарық, күн батпаған әрі жұрттың бәрі жұмыстан қайтып жататын қауырт шақта ешнәрседен тайсалмай бұлай шабуылдаған жан ересектер түгел жұмыста, балалар пәтерлеріне өздері кіріп-шығып жүрген тапа-тал түсте біреуін өлтіріп, екіншісін зорлап кетуден, үйлерін тонап, өртеп жіберуден тайынбайтыны анық!
Мен 102-ге 2 рет "звондадым". Көтерген жан болмады. (Олардың тұтқаны алуы "азап" екенін өткенде адвокат Болат Досыбеков те өз парақшасында жазған болатын). 
Участковыйға 5-6 рет звондап жүріп, түнгі 11.30-да зорға шақырып алдық-ау.
Олар келгенше жас балалары күнімен подъезде өз бетінше ойнап, кіріп-шығып жүретін бірнеше отбасыға ескертіп, балаларға абай болуын тапсырдым. Қызық әлде сұмдық дейін бе, осы жерде мәлім болды! Әлгі мені қуалап жүрген "маньяк" содан тура 1 апта бұрын жоғары қабатта тұратын Д. есімді келіншекті де пәтеріне дейін "аңдып" барған. Күндіз! Тапа-тал түсте! Амал жоқ, ашығын айтайын, ол кезде де әлгі сұм белбеуін шешіп алған! 
Анықтағанымыз, ол ешкімнің туысы, танысы емес екен. Оны подьезде 3-4 көрші көрген. Бәрі де ешкімнің үйіне кірмей, айналшықтап жүреді дейді. Бір айдан бері...
Мүмкін торуылдап, ересектері жұмыста, балалары қараусыз пәтерге тонауға дайындалып жүрген шығар? 
Белбеуін шешкіш сұм екен, балалардың бірін зорлап кетсе ше?
Бәрі мүмкін ғой!
Тапа-тал түсте әйелдерді қуалап жүрген мұндай сұмнан бәрі шығады! 
... Бұл мәселе бойынша мен арыз жаздым, "оперге" қылқылдап жүріп фоторобот жасаттым. Подъезге іліп қойсам, балалар да, тұрғындар да сақ болар деген ойым бар еді. Бірақ оны қолға бермеді. Болмайды деді. 
Осы жерде бір сұрақ туындайды: ғаламторда күдіктілер мен қылмыскерлердің фотороботы тұрмақ бейнежазбасы мен суреттері де жүреді ғой. Ал бұл жағдайда неге рұқсат жоқ болып қалды?
Жарайды, оны қоя тұрайын. Айтайын дегенім, бұл арыз бойынша тырс етіп қозғалған полицей болған жоқ. Тап сол "қарақшы" қуған Д-дан да ешқайсысы ештеңе сұрамады.
Тым-тырыс!
Жиырма күннен бері!!!
Үш апта бұрын келген мына смс-ті құшақтап әлі отырмын..."

полиция

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір