• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:35:51
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2018 Саясат

«Бісмілләмен» қаруландық, себебі ауыс-түйіс басталды

Қысқасы, Игорь Иванович Сечин Ресей мұнайының падишахы болса, Ермекбаев Қорғаныс министрі болып шыға келді.

Фейсбукті ашып қалсақ, Самат Нұртазаның «Достық. Ангола. Мұнай. Қару» деген жазбасы көзге оттай басылып шыға келді. Кеше ғана Елбасының пәрменімен ҚР Қорғаныс министрі атанған Нұрлан Ермекбаев туралы қызықты ақпаратқа толы жазбаны оқырман назарына ұсынамыз.

«Сонау 1985 жылы жас та болса, бас болып жүрген кеңестік барлаушы Игорь Сечин Түркіменстаннан Анголаға әскери аудармашыларды басқару үшін аударылады. Анголада ол кезде азаматтық соғыс өршіп тұрған болатын. Игорь Ивановичтің португал және француз тілдерін жетік білуі нұр үстіне нұр болады. Сол жылдары оның қарамағына Қазақ КСРО-дан Нұрлан Ермекбаев келіп қосылады. Португал тіліне судай Ермекбаев Сечинге бірден ұнай кетеді. Содан бері екеуінің аралас-құраластығы достыққа ұласқан. Тіпті отбасымен араласады.  Анголадан кейін 1989 жылы Игорь Сечин ЛенМУ-де шет тілі кафедрасында сабақ беріп жүргенде Владимир Путин оқу ісі жөніндегі проректор болады.  Дәл сол уақытта екеуінің әңгімесі жараса кеткен деседі. Қысқасы, Игорь Иванович Сечин Ресей мұнайының падишахы болса, Ермекбаев Қорғаныс министрі болып шыға келді. Мұнай мен қару достығынан артық не бар... »

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін басқарған Нұрлан Ермекбаевтың Қорғаныс министр болып шыға келуі бізді де таң қалдырмай қоймады. Елбасы не істесе де халық игілігі үшін жасайтыны анық қой. Сондықтан «бісміллә» деп бәрін бірінші кезекте Жаратқанға және Нұрсұлтанға тапсырдық.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір