• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:25:00
Алматы
+35°

01 Тамыз, 2018 NEWS

Бішкекте тас көшкінінен қазақстандық ғалым қаза тапты

Жарақат алған тағы бір қазақстандық 50 жастағы Мақсат Іргебаев екені анықталды.

Бішкек маңындағы тауда тас көшкінінен қаза тапқандар ғылыми-зерттеу институтының қызметкері екені анықталды. Одан бөлек 3 қазақстандық азамат түрлі жарақат алған. Тау тастарының құлауынан зардап шеккендерді құтқару операциясына «Қазавиақұтқарудың» тікұшағы жөнелтілген еді. Қазір оларды елге жеткізу шаралары қолға алынған. Құтқару операциясы жөнінде Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бішкек қаласынан 40 шақырымдай жердегі Скрябин мұздығы. Осы жерде бір топ саяхатшы таудан құлаған тастардың астында қалып қойған. Салдарынан 3 қазақстандық азамат жарақат алып, бір адам қаза тапты. Марқұм 42 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Виталий Дворецкий болып шықты. Ол Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген екен. 

Ал жарақат алған тағы бір қазақстандық 50 жастағы Мақсат Іргебаев екені анықталды. Ол спорт және туризм академиясында оқытушысы. Олар Қырғызстан және Ресейлік әріптестерімен  6 мың шақырым биіктіктегі тауға көтерілу керек болыпты. Жуырда ғана Болгарияда докторлық дисертациясын қорғаған ол шет елден келген соң үйінде екі-үш күн ғана болып, осы сапарға аттанған екен.

«Менің әкем жаңа ғана звондаған. Ертең немесе бүрсігүні келем деп. Бірақ, әкем басқа номермен звондаған. Оны басқа біреу деп ойладым» - дейді Мақсат Іргебаевтың 12 жастағы ұлы Жандос Исламов.

«Биылғы жылы 6 мың км бағындыру керек болатын. Ол тау  Қырғызстанның аумағында. Ол айтты бізге программа бойынша, 15-ші тамызға дейін келуі керек. Бірақ, бүгін таңертең бізге қоңырау шалып, ертең немесе бүрсігүні келеміз деді» - дейді Мақсат Іргебаевтың әкесі Ислам.

Скрябин мұздығына шығып, зерттеу жұмыстарына кіріспек болған ғалымдарға тас көшкіні кедергі болған. Алдын ала дерек бойынша, тастардың құлауына жер дүмпуі себеп болуы мүмкін. Дереу оқиға орнына жеткен «Қазавиақұтқару» тікұшағы тауда қалып қойған азаматтарға көмек көрсеткен. 

«Бүгін сағат онда тікұшақ барып, тас көшкінінің астында қалған марқұмның денесін алып кетті.  Зардап шеккендерден  жауап алынып, қажетті шаралар жасалынды.  Шамамен түскі бір жарым шамасында ұшақ Алматыға қонып, қайтыс болған азаматтың  денесі Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне берілді» - дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Эвакуация барасында мұздықтан Ресейдің үш азаматы мен Қазақстанның үш азаматы, сондай-ақ қаза болған бір қазақстандық шығарылған. Зардап шеккен екі кісі Алматы қаласынан болса, тағы бірі Өскемен қаласының тұрғыны. Ішкі істер министірінің орынбасарының айтуынша, қазір жарақат алған туристердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір