• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:51:12
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 Денсаулық

Біртанов: Менингитке байланысты сұрақтарға Call Center жауап береді

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына қарсы вакцина бағасын арзандату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  менингококк инфекциясының тарауына байланысты Алматыда журналистермен кездесті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Алматы облысы әкімінің орынбастары Ж. Омар, Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаев қатысты. Кездесу барысында Біртанов менингитке байланысты мәлімдеме жасады

Журналистің "Call Center-мен байланысу қиын. Қоңырауға жауап бермейді" деген пікіріне де министр жауап берді. 

— Елімізде менингитке байланысты сұрақтарға жауап беретін Call Center іске қосылды. Түнгі бірде біз хабарласып көрдік. Жұмыс істеп тұр,- деді министр. 

— Тұрғындардың басым бөлігі менингитке байланысты  консультация сұрап хабарласады. Алматы қаласы бойынша жеті адам бес тетелефон қоңырауына жауап беріп отыр, - деді конференцияда М. Дәрібаев. 

Сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына қарсы вакцина бағасын арзандату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Талдықорғанда 17 жастағы студент жігіт менингитен көз жұмды

Кеше Астанада менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жансақтау бөліміне екі жастағы бала жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан тұрғындарына кеңес берді. 

Сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына қарсы вакцина бағасын арзандату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді

Айта кетейік, кеше Талдықорғанда 17 жастағы студент жігіт менингитен көз жұмды

Кеше Астанада менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жансақтау бөліміне екі жастағы бала жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан тұрғындарына кеңес берді. 

Айгерім Таубай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір