• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:44:36
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019

Бірінші арна "Голос.Дети." байқауы нәтижесінің күшін жойды

Бірінші арна көрермендер дауысына біреулер ықпал еткенін мойындап, нәтижені қайта қараймыз деп хабарлады.

Бірінші арна қазақстандық өнерпаз Ержан Максим екінші орын алған Ресейдің "Голос.Дети" байқауының нәтижесі жоққа шығарылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
 
Финалда ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла жеңімпаз атанған "Голос. Дети" жобасының алтыншы маусымының дауыс нәтижесін тексеру барысына нәтиже бұрмаланғаны анықталды.
 
""Голос.Дети" жобасының алтыншы маусымындағы көрермендер дауысын басқаруға тырысқан әрекет байқаудағы бірінші әрі соңғы жайт болуы тиіс" делінген мәлімдемеде. 
 
Байқаудың жеңімпазы кім болатынын 24 мамыр күнгі арнайы шығарылымда көрсететін болады деп хабарлады РИА Жаңалық Бірінші арнаның баспасөз қызметінде. 
 
"Арнайы шығарылымға байқаудың үш қатысушысын да шақырттық. Себебі, 26 сәуірдегі нәтиже күшін жойды. Демек, жеңімпаз орны бос деген сөз. Арнайы шығарылым осы маусымның соңғы нүктесін қояды", — деді агенттіктің кеңесшісі. 
 
Арнайы шығарылымда не көрсетеді, қайтадан дауыс беріле ме, ол туралы телеарна нақты жауап айтпады. "24 мамыр күні не болатынын бүкіл әлем тікелей эфирде көретін болады" - деді баспасөз қызметі.  
 
Еске салсақ, сәуір айының соңында "Голос.Дети" байқауының финалы болған еді. Светлана Лободаның тобындағы Алсудың қызы Микелла жалпы дауыстың 56,5 пайызын жинап, жеңімпаз атанған. Онымен бірге жеңімпаз атауына Валерия Кузаков пен Ержан Максим де күрескен еді. Көрермендер нәтижеге таңданыспен қарап, әлеуметтік желіде қызу талқыға салды. 
 
Бірінші арна көрермендер дауысына біреулер ықпал еткенін мойындап, "нәтижені қайта қараймыз" деп хабарлады.
 
Group-IB хабарлағандай, Микелла Абрамованың нөмірі – 7 санына шектен тыс көп мөлшерде СМС хабарлама автоматты түрде жіберіліп отырған. 300 шақты телефон нөмірінен 8 мыңнан астам хабарлама түсіпті. Group-IB тарапынан тексеру әлі де жалғасып жатыр. Тексеру айдың соңында аяқталады. 
 Ұсынған: Мақпал Сембай
 
Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір