• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:02:21
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2017 NEWS

Бірғаным Айтымова: Қазақстан діни мемлекет бола алмайды

Сенат депутаты Бірғаным Айтымова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандықтарға қара киімге тыйым салуға қатысты ұсынысына қатысты пікірін білдірді, - деп...

Сенат депутаты Бірғаным Айтымова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандықтарға қара киімге тыйым салуға қатысты ұсынысына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайы Қамшы АА  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

"Адамдардың діни сенім бостандығына деген құқығы адамға максималды, мүмкіндігінше және жан-жақты беріледі. Сондай-ақ, Конституцияда Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде көрсетілген, сондықтан зайырлы мемлекеттің ережелері мен заңдары барлығына бірдей болуы тиіс. Сол себепті барлық отбасыға және балаларға осыны түсіндіру керек. Мектепке қалай киіну керектігін балалардың өздері шешпейтіні анық", - деді Айтымова.

Оның айтуынша, Қазақстан діни мемлекеттер сияқты бола алмайды, себебі бізде араб елдері мен Израильмен салыстырғанда дін мен мемлекет екі бөлек. "Ол елдерде басқа заңдар жүзеге асырылады. Біз басқа елді мысал ала отырып, өз елімізді толықтай солар сияқты өзгерте алмаймыз. Біз зайырлы мемлекеттің заңдары бойынша өмір сүреміз, сондықтан мүмкіндіктерді барынша қарастыру керек", - деді депутат.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтқан еді. "Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", - деген еді Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір