• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:27:06
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Әдебиет

Бір кем дүние. Шераға қазақ жайында...

«Аз халықтың маңдайында бақ тұрмайды» деушi едi. Алла өзi жар болсын!

Намыс қайда

"Әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, іс-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн" (Ататүрік).

Ал бізде, қазақтарда қалай? Басқа-басқа, тіпті Парламенттің өзінде, Сенаты бар, Мәжілісі бар, дауысқа салғанда тоқсан пайызға жуығы қазақ тіліне қарсы дауыс берді.

Ал дәл осы Парламент қазақ тілін мемлекеттік тіл деп шешім қабылдаған болатын.

Бұл толқу сонда не толқу? Депутаттардың басым көпшілігі кешегі өз шешіміне қарсы шыққаны қалай?

Жоғарыда Ататүрік айтқан ұлттық қасиеттердің мүлде ада болғаны ғой. Ұлттық қасиет, ұлттық намыс өлген ғой.

Міне, бұл нағыз қасірет!

Бір кем дүние

Ойлан, қазақ

...Түрік ұлтының мінезі асқақ.Түрік халқы еңбекқор.Түрік халқы зерек халық. Өйткені, түрік халқы ұлттық тұтастықтың және бірліктің арқасында басқа күштерді жеңе білді.

"Мен – түрікпін! " деген адам қандай бақытты (Ататүрік) .

Ал бізде, қазақтарда қалай? "Мен – қазақпын! " деп бәрі де қасқайып тұрып мақтанышпен масаттана айта ала ма? Ай, білмеймін. Қазақтардың жартысына жуығы өз ана тілінде сөйлей алмайды деп жазып жүр ғой газеттер. Ол рас шығар. Оған өзім депутат ретінде Парламентте жүргенде көзім жеткен. Қазақша сөйлейтіндер некен-саяқ болатын.

Президентіміз Нұрсұлтан мырза: "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін", – деп айтқан.

Бірақ...

Зор кем дүние. Амал қанша?!

 

«Ұлтшылдардың ұлтшылы»

«Караван» деген газет мені «ұлтшылардың ұлтшылы» деп жазды.

«Қазақстан халқы» дегенге қарсы депті. Талай айттым: «Өзбекстан халқы» деген жоқ, «Өзбек» деген халық бар, «Татарстан халқы» деген жоқ, «Татар» деген халық бар т.б.

Сол сияқты «Қазақстан халқы» деген халық жоқ, «Қазақ» деген халық бар.

Ендеше «Біз, қазақ халқы және Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың өкілдері немесе диаспора» (1993 ж.).

Айдан анық шындықты бұрмалайтын тоңмойындарға не дерсің.

Бір кем дүние.

Қазақ көп пе, аз ба?

Алыптардың бiреуi Ғабит Мүсiрепов айтты:

– «Бiз жиылсақ – көппiз, жайылсақ – жоқпыз», – деп.

– «Бiз мына кең далаға сыймай жүрген жоқпыз, сыйыспай жүрмiз», – деп.

Соңғы санақ бойынша 8 миллионның ар жақ-бер жағы. Содан берi, бәлкiм, 9 миллион болған шығармыз. Шет елдерде, шамада, 5 миллион бар дейiк.

Шығыстағы айдаһар елi – 2,5 миллиард. Батыс пен терiстiктегi Аю елi – 150 миллион.

Тiптi iргемiздегi өзбектер 20 миллионнан артықпыз деп мақтанады.

Ғасырлар бойы соғыс-сойқан, ашаршылық, жоңғарлар, патшалар, Сталин, Голощекин, Хрущев...

Қытай көптiгiнен бала тууды шектейдi. Бiз неменеге жетiсiп шектеймiз?! Бiздiң ханымдар бiр-екi баламен қақайып қалады. Үкiмет көп баланы лайықтап қолдамайды. Тiптi халқы көп деген Ресейдiң өзi көп балалыларды қошеметтеп, көмектесiп жатыр.

«Аз халықтың маңдайында бақ тұрмайды» деушi едi. Алла өзi жар болсын!

Бiр кем дүние.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір