• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:21:23
+35°

14 Ақпан, 2019 NEWS

"Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"

Назгүл Кенжетайдың зерттеулері шетелде жоғары бағаланған.

Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуі барысында халықаралық әскери журналист, фотограф Назгүл Кенжетай Сириядағы соғыс жайлы айтып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

БҰҰ және ЮНИСЕФ-пен серіктес болған Назгүл Кенжетай Түркия мен Сирияға жиі сапарлайтын. Мақсаты да айқын – соғыстың шынайы келбетін көрсету.

«Өздеріңізге мәлім, әлемнің әр бұрышы түрлі саяси, дипломатиялық, стратегиялық тағы да басқа конфликтіге толы. Соның бірі – Таяу Шығыстағы Сирия. 2014 жылдан бері студент болсам да қиын мәселелерді тереңінен зерттеуді жақсы көрдім. Нәзік ғана бойым үлкен жауапкершілікті арқалайтын да жүретін. Осы жолда «Жұмақта тамақ көп пе?» деп сұраған баланы да, өзеннен ағып бара жатқан баланың өлі денесін де, өз туын жерге таптаған халықты, оларды қорғауға күші жетпеген еркектерді де көрдім. Мұның бәрін көріп қана қойған жоқпын, әлемге көрсетуге тырыстым. Өз Отаны болмау дегеннің қандай қасірет екенін көрсетуді мақсат тұттым», - деді Назгүл Кенжетай.

Журналистің зерттеулері шетелде жоғары бағаланған.

«Бүгін біздің Қазақстан тек Орталық Азияда емес, нағыз қазақтар, қазақ журналистері, қазақ тілі өмір сүретін жерде орналасқан. Жаһандану дегеніміз – осы», - деді Назгүл Кенжетай.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір