• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:04:27
Алматы
+35°

17 Қараша, 2018 Экономика

Білім мен медицина саласын цифрландыру жемқорлықты азайтады

Шенеуніктердің айтуынша, осы екі сала цифрлық форматқа көшер болса, елде жемқорлық азаяды.

Алматыда әр сала цифрлық форматқа көшуді бастап та кеткен. Әсіресе, білім және денсаулық сақтау саласын цифрлау үрдісі қарқынды жүріп келеді. Шенеуніктердің айтуынша, осы екі сала цифрлық форматқа көшер болса, елде жемқорлық азаяды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев оңтүстік астанадағы цифрлау үрдісінің сәтті орындалып жатқанына дән риза.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда халық үшін деп атқарылып жатқан мемлекеттік қызметтің көлемі 5 миллион доллардан асқан. Ал сол қызметтің 80 пайызы электронды форматқа жұмсалыпты.

Ол қандай қызметтер?

Ең біріншіден, электронды күнделік. Шпекбаевтың мәлімдеуінше, ішкі жемқорлықты жою мақсатында Алматыда 400 мыңнан көп оқушы электронды күнделік пайдаланады. Мұндай үрдіс тек мектептерде ғана емес, сонымен қатар балабақшаларға да жеткен.

Жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Алик Шпекбаев Жоғарғы оқу орындарының мұғалімдерінің де назарын өзіне аудартты. Айтуынша, педагогқа тән қасиет – алдымен адалдық пен тәртіп. Бұл екеуі бойында үндескен ұстаз білікті маман тәрбиелеп шығады.

«Жемқорлыққа қарсы тұру мәселесінде сіздердің қолдауларыңызға мұқтажбыз. Жастарды мәдениетке, жарқын болашаққа, тәртіпке баулитын да сіздерсіздер. Өскелең ұрпаққа адалдық деген сөзді тереңінен ұғындырсақ, ертеңгі күні жемқорлықсыз әлемге аяқ басамыз деген сенімім мол. Бәрі сіз бен біздің қолымызда», - деді ұстаздар қауымына Алик Шпекбаев.

Айта кетейік, 2017 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген еді. Бағдарламаның мақсаты – әр салада цифрлық технологияны пайдалану әрі оны дамыту, осылайша елдің экономикаға бәсекелестігін арттыру әрі халықтың өмір сапасын арттыру.

Тағы бір айта кетерлігі, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясына жол ашатын негізгі фактор ретінде саналмақ. Стратегияға сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстан бәсекелестігі жоғары 30 елдің қатарына енуі тиіс.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір