• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:48:55
Алматы
+35°

12 Қараша, 2018 Оқиғалар

Безбүйрек тәрбиешіні соттату үшін бала 1 айға психдиспансерге қамалуы керек

Істің квалификациясын өзгертпесе, тәрбиеші 75 күннен кейін бостандыққа шығады.

Балабақша тәрбиешісі ұйықтағысы келмеген баланың еркелігін көтере алмай, қиянат жасаған видеосын бүкіл Қазақстан болып көрген едік. Әлеуметтік желінің ауқымдылығының арқасында тәрбиешінің аты-жөні де, опық жеген баланың ата-анасы да тез-ақ табылды. Үміт Пірмаханова есімді бақша тәрбиешісінің ұйықтату әдіс-тәсіліне қатысты ҚР заңнамасына сәйкес 140 баптың 2 тармағы бойынша іс қозғалған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 140 бап «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» мәселесіне арналады.

♦Баланы тұншықтырған безбүйрек әйел 3 жылдан кейін қайтадан тәрбиеші бола алады

«Балаға күш жұмсаған әйел заңға сәйкес қалай жазаланады?» деген сұрағымызға баспасөз хатшысы екі жарым ай бұрын былай деп қысқа-нұсқа жауап қайырған болатын: «Заңға сәйкес мынандай жаза түрлері тағайындалуы мүмкін: 1) 300 айлық көрсеткіші көлеміндегі айыппұл; 2)240 сағаттық қоғамдық жұмыс; 3)72 тәулікке темір торға қамалу. Ең қызығы, 3 жылдан кейін «тәрбиеші» қайтадан тәрбиеші болып қызметке кірісуге толыққанды құқылы екен.

Міне, көптен күткен сот процесі Теміртауда басталып та кетті. Алайда жәбір көрген қыздың ет жақындары баланың аталмыш жағдайдан кейін томаға-тұйықталып, нашар ұйықтап жүргенін, ересектерден қатты қорқып қалғанын, тіпті ашу-ызаға жақын болып кеткенін хабарлады. Сотқа видеодағы көрініс аз болып отыр. Тәрбиешіні 72 сағатқа емес, толыққанды жаза тартқызу үшін қаршадай қыз бір айға жалғыз өзі психдиспансерге жатып, тексеріліп шығуы тиіс екен. Сонда ғана олар балаға келтірілген қиян-кескі әрекеттің салдарын дәлелдей алады екен. Сондықтан да шағымданушы ата-ана тәрбиешіге қатысты істі басқа бағытқа бұрып, әйелді қатаң жазалауын талап етіп отыр. Себебі істің квалификациясын өзгертпесе, тәрбиеші 75 күннен кейін бостандыққа шығады.

Баланы тұншықтарған тәрбиеші Үміт Пірмаханова болса, өзіне тағылған барлық айыптармен келіспейтіндігін жеткізді. Оның ойынша, ол тек мазасыз баланы ұйықтатпақшы болған. Балаға ешқандай зиян келтірмеген.

Сот-медициналық сараптама нәтижесі әлі белгісіз. Оның қорытындысы үстіміздегі жылдың 14 қарашасында белгілі болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір