• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:16:12
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2017 Оқиғалар

Беймәлім жаратылыс «Алешенка» жайлы жаңа ақпарат шықты

Тамара Просвирина есімді қарт 1996 жылы құдыққа су алуға барады. Қарағайдың астынан беймәлім жануарды тауып алып, үйіне алып келді. Оған Алешенка деген ат...

Тамара Просвирина есімді қарт 1996 жылы құдыққа су алуға барады. Қарағайдың астынан беймәлім жануарды тауып алып, үйіне алып келді. Оған Алешенка деген ат қойған. Бір айдан кейін қарт кісіні ауруханаға алып кетті. Тамара Просвиринаға «шизофринияның асқынған түрі» деген диагноз қойды. Осыдан кейін Алешенка Владимир Бендлин есімді полицияның қолына түседі. Ол беймәлім жаратылысты фронтальды мәселерді зерттейтін Жұлдызды академияның сектант-уфологтарына берген.  Владимир Бендлиннің айтуынша уфологтар сараптама жүргіземіз деп уәде берген. Бендлидің көршілері Алешенканы сектанттарға сатып жібергенін айтады. Содан бері мумияны ешкім көрмеген.

«Комсомол» журналистері Қыштымға түсініксіз жаратылыстың анасын іздеп барды. Зерттеушілер Алешенканың шын мәнісінде кім екені жөнінде өз қорытындысын жасап та үлгерді.

«Комсомол» журналистері Қыштым ауруханасындағы дәрігер Игорь Усковпен кездесті. Ол Алешенканы өз көзімен көрген. Оған оны жергілікті полицей Бендлин көрсеткен екен. Ол кезде дәрігер оны ай, күніне жетпеген ұрық екеніне сенімді болған. Ал  полицей болса Алешенканы ұстап тұрып, жоғарыға қарап өздігінен күлімсіреп тұрған деп еске алады Игорь Усков.  

 

Біз Усковтан 1995-1996 жылдары бала көтергендердің медициналық картасын қарауды сұрадық (сыртқы келбетінен Алешенка 5-6 айлық ұрық). Алайда тексеріс барысында 20 жыл бұрыңғы ақпараттар сақталмағаны белгілі болды. Заң бойынша ол 25 жылға дейін сақталуы тиіс еді. Усковтың айтуынша 5 жылға дейінгі ғана есеп сақталған. Бірақ дәрігер Алешенканың анасы тіркеуге тұрмағанына сенімді.

«Менің жұбайым әйелдер кеңесінің меңгерушісі. Егер бала ананың құрсағында жатқандай қандай да бір ауытқушылық болса, әйелім міндетті түрде білуші еді.  Тіпті облыстық Денсаулық сақтау министрлігіне хабар жеткен болар еді. Сондықтан баланы анасы қаламаған. Сол себепті есепке де тұрмады».

Журналистер Қыштымға тергеу комитетінен келген хатты зерттей бастады. Онда былай деп жазылған. «1996 жылы түсік болған. Яғни тіршілік ете алмайтын эмбрион. Ол толық қанды бала емес. Сондықтан қосымша тексерудің қажеті жоқ» деп жазылған.

Алайда  100 пайыздық сенімділікпен қыштымдық ергежейлі – түсік деп айта алмаймыз.

Журналистер белгісіз жаратылыс табылған жерге барды. Құдықтың жан-жағы инемен темекіге толы. Жергілікті ақсақал нашақорлар ішіп алғаннан кейін Қышымда сайран құрады. Осыдан кейін түрлі Алешалар дүниеге келеді дейді қарт.

 

«1996 жылдары оқушы қыз екі қабат болып, халық біраз шулаған. Бірақ жоғары сынып оқушысы баланы босанбағаннан кейін барлық өсек сап тиылды. Мүмкін Алешенка деген  сол қыздың тастанды баласы шығар» деп өз болжамымен де бөлісті.

Жалғасы бар!

Дереккөз: kp.ru

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір