• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:16:16
Алматы
+35°

Белгілі өнертанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Б.Майлин атындағы қоғамдық қордың атқарушы директоры Жұмабек Табын дүниеден озды. Әлеуметтік желідегі үзеңгілестері халық ұлының өмірден өткеніне қайғырып, көңіл айтуда.

"Жарқын ағаның артынан Жұмабек Табын ағам да ана дүниеге аттанып кетіпті . Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдап жүрген ағамыз еді. Алла панасына алғай!" -  деп көңіл білдірді Серікбол Хасан.

Өлеңіне арқау болып, төбесін бұлт шалғанда жанынан табылған азаматтың ерлігін айтысып жатқан қолданушылар қаншама.

"Марқұм ақын Темірше Сарыбаев көкеміздің қазасына көңіл айта барғанда Жұмабек Табын ағамызбен түннің бір уағына дейін түрлі тақырыптарда сырласып, сөйлесіп едік. Адамды жатсынбай бірден өзіне баурап алатын қасиеті ерекше есімде қалыпты. "Мұхтаржан, биыл Сәкен Иманасов ағам мен Темірше ағам қатар кетіп қалып, көкірегім қарс айрылып отыр. Қара жерге қимайтын асылдарым еді, қайтейін, " -деп төмен қарағанда, ол кісінің екі иығының дәрменсіз селкілдеп отырғанын байқадым. Адамды жылататын адамның қадірі екен ғой, әйтпесе кім өтпей жатыр бұл бейопа жалғаннан?! Сол Жұмағамыздың өзі де бүгін бақи сапарына аттанып кетіпті. Алла алдынан жарылқасын! "Жаман адам өтсе, дүние кеңіп қалғандай, жақсы адам өтсе, дүние кеміп қалғандай болады" деуші еді үлкендер, қазақ руханиятының бір бүйірін солқ еткізген қаза болды, ақыры хайырлы болғай!" - деп пікір жазды белгілі айтыскер Мұхтар Ниязов өз парақшасында.

Ұлттың ұлы ұмытылмайды. Ел үшін жасаған әрбір ісі азаматтың абыройын асқақтатып тұра бермек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір