• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:08:09
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2018 Саясат

Бесінші Каспий маңы саммитін өткізуге Ақтау әкімдігі 823 миллион теңге жұмсап гүл екті

Саммиттің мақсаты: Каспий теңізінің құқықтық статусын реттеу Каспий аймағының саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз ету

Ақтау қаласында Каспий маңы елдерінің бесінші саммитіне Ақтау қызу дайындалып жатыр. Ильхам Алиев, Хасан Роухани, Гурбангулы Бердымұхамедов, Владимир Путин сияқты қонақтардың келуі құрметіне Ақтауда 7 миллионнан астам гүл отырғызылыпты. Жергілікті басылымдардың жазуынша бұл туралы «Жасулан флора» ЖШС директоры Жұмагүл Омарова айтқан. Егілген гүлдің 40 пайызы ғана көп жылдық болса, 60 пайызы бір жаздық маусымға ғана арналған.

Кәсіпкер директордың айтуынша, саяси шараны өткізу үшін қаланы гүлмен безендіруге шақыру қалалық әкімдіктен түскен. Тапсырысқа сай, қалалық әкімшілік алдына, 4, 14, 15 шағын аудандардағы жағалауға, Renaissance қонақ үйі маңына, «Грин парк», «Оазис» тұрғын үй кешендеріне, Достық үйі мен медициналық колледжге 25-тен астам гүл түрі егіліпті. Алайда, гүл егуші компания басшысы бұл жұмыстың оңайға соқпағанын, гүл отырғызуға қажетті жерлерден 200-ден астам жүк көлігі қоқыс шығарғанын айтқан. Тіпті, Ақтау қаласының 55 жылдығына «Жасулан флора» компаниясы өз есебінен 100 миллиондай қаражат жұмсап, 1,3 миллионнан астам гүл отырғызған.

Айта кететін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен саммитке Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев, Иран Ислам Республикасының  Хасан Рухани, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов келеді.

Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық статусы, Каспийде экономика, көлік, экология, қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық орнату және басқа да мәселелерді талқылайды.

Саммиттің негізгі қорытынды құжаты Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы конвенция болады.

Конвенцияны әзірлеу жұмысы 20 жыл бойы жүргізілді. Құжат жобасында  тараптардың Каспий теңізіндегі қызметінің негізгі қағидаттары, теңіз акваториясын, ұлттық су түбі секторларын бөлу мәселелері, биологиялық ресурстарды, су түбі мен жер қойнауларын игерумен байланысты әскери ынтымақтастық және шаруашылық-экономикалық қызметті жүргізу, кеме жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, теңізге қатысты ғылыми зерттеулер т.с.с. нақтыланған.

Каспий теңізінің құқықтық статусын реттеу Каспий аймағының саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз ету, оның табиғи байлығын сақтау және көбейту, бірегей географиялық орналасуын пайдалану, жағалау маңындағы бес мемлекеттің жан-жақты ынтымақтастық орнатуы тұрғысынан стартегиялық маңызды болып табылады.

Саммиттің алдында Ақтауда 10-11 тамыз аралығында Арнайы жұмыс тобының отырысы және Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. 

Каспий маңы елдерінің бұған дейінгі саммиті 2014 жылы 29 қыркүйекте Астраханда өткен болатын. Алайда Каспий теңізінің статусын анықтау нәтиже бермеген еді.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір