• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:34:58
Алматы
+35°

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz cайтының дерігін негізге алып. Бұл туралы ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді. 

Белгілі болғандай, 2018 жылы 28 желтоқсанда кәмелет жасына толмаған бала көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталыпты.

"Автокөлік кінәлі адамның анасына тиесілі. Сол күні ол ата-анасының рұқсатынсыз көлікпен қалаға шығып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнында ол зардап шеккен адамды көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Алайда ол 1 қаңтарда алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жасөспірім өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ол анасының қарауына берілді",- делінген мәлімдемеде.  Сонымен қатар, автокөлік иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары да басталып кеткен. Тергеу шараларын ІІМ бақылауға алды. 

"2018 жылы 28 желтоқсан күні Қызылорда қаласында орын алған ЖКО дерегі бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен және 349-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда. Тергеу жұмыстары полиция департаменті басшысының және облыс прокурорының ерекше бақылауында",-дейді ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір