Бесік нағашыныкі емес, неге өз жұртыныкі болмайды?

Бесік нағашыныкі емес, неге өз жұртыныкі болмайды?
Ⓒrus.azattyq.org

Нәресте дүниеге келгеннен кейін көп ұзатпай, бала қырқынан шығысымен-ақ ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келіп, баланы бесікке бөлейді. Бұл рәсім елге қадірлі, ұрпақ өсірген, қадірменді, жасы ұлғайған сол әулеттегі көпті көрген бір әйелге тапсырылады.

Есімде, жігіт шағымда анам шифоньер үстінде жабулы тұрған көне бесікті нұсқап: «Мына бесікте сенің әкең, атаң, өзің жатқансың. Енді менің немерем – сенің балаң жатса екен деп армандаймын» деген еді. Расымен де, алғашқы перзентім дүниеге келгенде анам атадан келе жатқан дәстүрді бұзбай, Ақботашымды дәл осы бесікке бөледі. Сол жолы сәби әже әлдиімен балбырап, тыныш әрі ұзақ ұйықтаған еді...

Кейін сол бесікті арқалап, Алматыға алып кеттік. Студенттік орта бесігімізді кезек-кезек тербетіп, ал курстас қыздарымыз бесік жырын сол бесіктің басында отырып ыңылдап үйренген еді...
Қазір бұл бесік көненің көзіндей болып, қара шаңырақта – әкемнің отанындағы інімнің үйінде тұр.
Жас нәрестенің өмірге келуі отбасы мүшелеріне, ағайын-туысқа, әсіресе, нағашы жұртына ерекше қуаныш сыйлайтыны рас. Сәби дүниеге келгенде ат жіберіп, алдымен нағашыдан сүйінші сұрайтыны содан. 

Дегенмен, мені осы кезге дейін бір сұрақ мазалаумен келеді. Ортаға ойласуға салғаным ғой, бәлкім, бірі болмаса, бірі біліп қалар деген үміт. Тіпті, үлкен қариялардан да мұның жайын сұрастырып байқадым. «Кейінгі үрдіс шығар...» дегеннен басқа мардымды жауап ала алмадым.

Дархан көңіл сыймай кең даласына,
Күтті ме, әлде, сағына әрі асыға.
Бесік алып ертерек қойыпты анам,
Баласының болашақ баласына... – деп жырлап еді бір ақын.

Енді ойласайық... Жаңа өмірге келген сәби, біздің түсінігімізше, алдымен өз жұртының перзенті. Сондықтан да ол осы әулеттің бесігінде тербелуі тиіс. "Ел боламын десең – бесігіңді түзе!" деген содан қалса керек. Дегенмен, кейінгі кезде нәрестемізді нағашы жұрты, құдамыз сыйға тартқан жаңа бесікте әлдилеп жүрміз. Кейбір көп әулетті үйдің «кладовкасында» келіндерінің артынан келген бесіктердің бір жылдан соң жап-жаңа күйінде қаз-қатар тізіліп тұратыны содан.

Білгіміз келгені – бесікті қыз төркінінің алып келуі қалай? Әлде, мұның біз білмейтін бір себебі, жөн-жоралғысы бар ма?

Бекжігіт Сердалы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ

    1
    Сән индустриясының сұмдығы
    23/05 16:34 0 65
    2
    Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
    23/05 16:30 0 54
    3
    ҰҚК бұрынғы басшысы 25 жылға сотталды
    23/05 16:24 0 83
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    23/05 16:03 0 303
    Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты
    23/05 15:57 0 77

    Таныстырылғандар

    Әлемде ең жоғары жалақы алатын 10 мамандық иесі
    Әлемде ең жоғары жалақы алатын 10 мамандық иесі
    Әлемде ең жоғары жалақы алатын 10 мамандық иесі
    Егер сіз болашақ студент болсаңыз және неғұрлым көп ақша табуға ұмтылсаңыз әлемдегі ең көп ақша табатын мамандықтарды біліңіз.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:18 0 1028
    Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда
    Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда
    Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда
    Тутұғыр мен 112 шаршы метрді құрайтын мемлекеттік рәміздер алаңы ағымдағы жылы қолданысқа беріледі.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:01 0 116
    Атышулы атыраулық полицей ақыры "атынан" түсті (видео)
    Атышулы атыраулық полицей ақыры "атынан" түсті (видео)
    Атышулы атыраулық полицей ақыры "атынан" түсті (видео)
    Аян Дүйсембаевтың өзіне сыйланған атқа мініп басы дауға қалған болатын
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 18:02 0 2929
    Қадыров: Егер біз қаласақ, Киев Ресейдің бір облысына айналады!
    Қадыров: Егер біз қаласақ, Киев Ресейдің бір облысына айналады!
    Қадыров: Егер біз қаласақ, Киев Ресейдің бір облысына айналады!
    "Сізге ренжуге мәжбүрмін. Бірінші күннен-ақ олай еткім келмеп еді», - деп жазды Кадыров өзінің жазбасында.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 01:29 1 15449
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Владимир Зеленский елде марихуананы, жезөкшелік пен құмар ойын орталықтарын заңдастыру мәселесін көтерді
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 03:03 0 596
    Атақты Nike кроссовкаларының шығу тарихын білесіз бе?
    Атақты Nike кроссовкаларының шығу тарихын білесіз бе?
    Атақты Nike кроссовкаларының шығу тарихын білесіз бе?
    Nike брендінің  шығу тарихы студент Фил Найт спорттық аяқ киімінің ыңғайсыздығын байқаған 1964 жылдан басталады.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 13:23 0 201
    Ақтаудағы жағажайда жалаңаш билегендер жайы. Полиция не дейді? (видео)
    Ақтаудағы жағажайда жалаңаш билегендер жайы. Полиция не дейді? (видео)
    Ақтаудағы жағажайда жалаңаш билегендер жайы. Полиция не дейді? (видео)
    Жағажайда жалаңаш "жын-ойнақ" ұйымдастырған жергілікті жердің азаматы екен. Өзінің өрескел әрекетін азамат түсіндіріп бере алмады.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 13:53 0 3892
    Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады

    21/05/2019 16:24 0 267
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Бұған дейін осы тізімде Цюрих қаласы бірінші болып тұрған. Қазір ондағы орташа жалақы Сан-Францискоға қарағанда 400 долларға кем.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:48 0 287
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамптың табынушысы үстіне қабырғаға ұқсас костюм киініп, президентті қолдауға келген
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 03:58 0 332
    Назарбаевтан  "Шындыққа" дейін
    Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
    Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
    Жастар қолдап жатыр
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 13:11 0 1097
    Бергей Рысқалиев: "Сол кезде өзгеріс жасағым келді"
    Бергей Рысқалиев: "Сол кезде өзгеріс жасағым келді"
    Бергей Рысқалиев: "Сол кезде өзгеріс жасағым келді"
    Аталмыш жиынға бұрынғы премьер министр Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев қатысты.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 14:12 0 14060
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Байқаудың мақсаты – журналистік қауымдастықты жастардың өмірі мен жетістіктерін жазуға, олардың шығармашылық әлуетін ашуға және ынталандыруға бағытталған.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 23:55 0 92
    Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
    Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
    Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
    Қазақ боксшысы Қанат Исламмен бірге түскен суретін жариялады.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 13:44 0 130
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    Қуат Хамитов қарымта жекпе-жекетің өтетін орны мен күні туралы да мәлімдеген.
    23/05/2019 16:03 0 309