• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:23:48
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2017 NEWS

Бес жастағы балақай қарт әжесінің өмірін құтқарып қалды

76 жастағы әжей инсульт алып құлап қалған, оның 5 жастағы немересі еш саспастан үлкен кісілерді көмекке шақырып, жедел жәрдем қызметіне қоңыпау шалып, дер...

76 жастағы әжей инсульт алып құлап қалған, оның 5 жастағы немересі еш саспастан үлкен кісілерді көмекке шақырып, жедел жәрдем қызметіне қоңыпау шалып, дер кезінде келіп жетті.

Оқиға кеше, яғни 29 наурыз күні түскі уақытта орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Зейнеткер Жамалтай Макебаева Үржардан немересімен бірге тустарына қонаққа келген. Әжесі мен немересі үйде жалғыз қалған уақытта аяқ астынан қарт кісінің денсаулығы нашарлап кеткен. Қан қысымы көтеріліп, оң аяғы мен қолы істеми қалған. Бес жастағы Әлижан Қанатов есімді балақай еш саспастан туыстарына қоңырау шалған, алайда байланысқа түсе алмағандықтан, көшеге жүгіріп шығып ары-бері өтіп жатқан үлкен кісілердің көмегіне жүгінген. Бақытына орай, баланың айқайлаған дауысын көршісі естіп, дереу жедел жәрдем шақырған. Қазір қарт әжей ауруханада.

«Әжеміздің миына қан құйылған екен. Дәрігерлердің айтуынша, сәл кешіксек әжемізден айырылады екенбіз. Егер Әлижан болмағанда әжеміздің жағдайы не болатынын ойлағым да келмейді», - деп мәлімдеді әжейдің үлкен немересі Мадияр Қалиев.

Қазір әжей ауруханада жатыр, денсаулығы қалыпты жағдайда. Ал туыстары болашақта Әлижанның құтқарушы болғандығын қалайды.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір