• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:03:01
Алматы
+35°

2019 жылы еді,
Төртінші ақпан келмеді.
Ақпанның аязды түндері.
Ата-анасы түнделеп,
Күн көрістің қамымен,
Түнде жұмыс істеді.
Бала-шағам аш болмасын,
Қатарынан кем қалмасын,
Аязды күні тоңбасын,
Қыршын кетті бес сәби
Қарындары тоймастан.
Өз үйіміз болса деп,
Арманда кетті бес сәби.
Бейбіт тыныш заманда,
Ата-анасыз сәбилер, шырылдатып кетті бес сәби.
Бәрі отқа түгелдей жанып кетті бес сәби.
Бір жасары сәбидің, ақ мамасын ембестен,
Қалып кетті бес сәби.
Әрбір келер бір түнге,
Қарғыс айтып жас кетті. 
Бір шетте әкем, 
бір шетімде анам,
Жылы құшағын сезінбей жылап кетті бес сәби.
Әкешім, сен айлық алған соң, ойыншық әкеп берер деп қиялдап кетті бес сәби.
Өмір деген қас қағым,
Зуылдап өтті бес сәби.
Әке! Ана! Мен өскенде сендерге өз қолыммен

үй салып беремін деп сала алмай кетті бес сәби.
Екінші ұл былай деп,

Әке, біз Астанада тұрсақ та, 
неге өзгелер сияқты
рақат өмір сүрмейміз, 
ақ патша болған Нұрсұлтан
Атамды неге көрмейміз?
Аяғымызға аязда ақ етік неге кимейміз?

Үстімізге жып-жылы күртеше неге кимейміз?
Әке, ана, сендермен,
Астананың ортасы
Қонаев көшесін де біз,
Бірге неге жүрмейміз?
21-ші ғасырда
Шалқып тасып адамдар, 
Неге өмір сүрмейді?

Әке, ана, біз енді сендерді енді көрмейміз!

Ол жақта бәрі керемет,
Қайта оралып келмейміз!

Айтпақшы не ғой, әкешім, анашым!
Біз Сіздерді бәрібір сондай жақсы көреміз.
Ертең қарт боп, бұл жалған,
Сіздерді тәрк еткенде
Біз Сіздерді күтеміз.
Қош, әкешім, қош, ана!

 

Ерсейт Шайыпұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір