• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:50:45
Алматы
+35°

20 Қараша, 2018 Аймақтар

Бердібек Сапарбаев əскерге шақырылушылармен кездесті

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев облыстық жəне қалалық əскерге шақыру пункттерінде болды

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев облыстық жəне қалалық əскерге шақыру пункттерінде болды.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Сейткерім Арапбаев өңір басшысын жедел əскери қызмет жұмысының ұйымдастырылуымен жəне жиналу пунктінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен таныстырды.Бердібек Сапарбаев Алматы қаласына әскери борышын өтеуге кетіп бара жатқан әскерге шақырылғандармен әңгімелесті.

* Отанға қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Келесі жылы сіздер Қарулы Күштер қатарында қызмет етесіздер, одан сіздер абыроймен өтулеріңіз керек. Өмірде ең бастысы – білім алуға ұмтылып, еліміздің тіртібі мен заңын сақтау керек. Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасап жатыр. Сіздер жассыздар, бәрі алда. Сіздерге жарқын болашақ тілеймін,- деді облыс әкімі.

Өңір басшысы сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінің өңірлік оқу орталығында да болды. Мұнда жыл сайын республика бойынша 600-ге тарта өрт сөндіруші, құтқарушы және сүңгуір дайындайды. Орталық заманауи оқу жаттығу құрылғыларымен, әдебиетпен және оқытушылар құрамымен толықтай жасақталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір